Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сары ақынмен қағысу

Жамбыл Жабайұлы · 1846–1945 · 34 жол

Сары:
Уа, шырақтар, мен едім
Сары Үйсіннің Сарысы.
Сарыбайды сыйлаған,
Екейдің жас, кəрісі.
Жолы болар жігіттің,
Оңға басар əр ісі.
Түбі жаман дерттің,
Ем болмайды дəрісі.
Уа, Сарыбай, айтып бер,
Осы сөздің не болмақ,
Ойлағанға мəнісі?

Аздан соң:
Екейдегі Сарыбай,
Бойға қораш, ойға бай!
Əлгі сөздің мəнісін,
Отырмысың ойламай?

Жамбыл:
Сарекемді састырып,
Сүйекемнен сүрінген
Сізге жауап берейін,
Жақтырсаңыз, бүгін мен.
Ақындарды жеңгенде,
Ісіңіз оңға жүгірген.
Сүйекемді көргенде,
Жүрегіңіз түңілген.
Соның емін таба алмай,
Ой алысқа үңілген.
Жеңілгенді намыс қып,
Аш беліңіз бүгілген.
Сүйекем жоқ бұл жерде,
Дəрі берер тілінен.
Сол емес пе шешуі,
Өзіңізге-ақ жүгінем.

Жамбыл Жабайұлы өлеңдері

Барлық 96 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері