Сүйінбай мен Тәті қыз
Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 18 жол
Менің атым Тәті қыз,
Басқа қыздың аты қыз.
Ақын келді дегенге,
Асығып үйге кіріп ем,
Аппақ қудай шал екен,
Мұны әрі тартыңыз, –
депті жеңгесіне қарап.
Ерке қыздың мінезіне қызыққан Сүйінбай құс
жастықтан басын жұлып алып:
Сенің атың Тәті қыз,
Басқа қыздың аты қыз.
Сөзіңе сөз айтар ем,
Тұңғышымдай, жақынсыз,
Ақынның ақ батасы –
Жырдың балын татыңыз.
Дүниеден біз де өтерміз,
Сүйекемнің сөзі деп,
Өлеңмен шашу шашыңыз! –