Сүйінбай мен Кескенкекіл
Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 10 жол
Сүйінбай:
Кескенжал, кекіліңді кестің неге,
Кескеннен пайда көрмес сендей неме.
Айтысқан, қол алысқан сөз бар еді,
Бекер-ақ алданыппын, әттегене!
Кескенкекіл:
Сүйінбай жақсы айтасың қызыл ине,
Ойнаған қыз күнімде қызық дүние.
Ештеңе алып, ештеме бермегенмен,
Келіп-кетіп жүре гөр біздің үйге, –