Сүйінбай мен Қаңтарбай
Сүйінбай Аронұлы · 1815–1898 · 23 жол
Қаңтарбай:
Таусылған тақымынан, ей, Сүйінбай,
Тілін безеп сайраған бұлбұлым-ай,
Кең Дулаттың көп қойын қаптатайын,
Бес таналы, қу Екей, қайдасың-ай!
Сүйінбай:
Ұраным Шапырашты, ер Қарасай,
Жүлде алған талай жерде мен Сүйінбай!
Дулаттың көп байлығын не қыласың,
Тоныңның жамасаңшы жыртығын-ай!
Қаңтарбай:
Міне, отыр Сыпатайым он бір батпан,
Дұшпанның ерегіссе көңілі қайтқан.
Болғанмен өзім кедей, ел-жұртым бай,
Жауарбай сексен нарға көген артқан.
Кетпей ме ашуланса Дулат қаптап,
Кетеді қаптаған соң жерге таптап,
Қасқа аттың төбеліндей кедей едің,
Көрпеңді көсілсеңші бойға шақтап.
Сүйінбай:
Сұраншым отыр, міне, судай тасып,
Сарыкемерді жау келіп шапқанында,
Сыпатай босып кеткен шөлге қашып.