Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Наурыз

Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 53 жол

(Жаңа жыл)

Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Қуаныш — мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.

Ойнаған анау бала,
Көгорай шалғын дала.
Егіндік егін еккен,
Ұзамай болар жаңа.

Бай, жарлы келген күйі,
Ойын-той ауыл, үйі.
Қой сойып, қонақасы,
Мырзалық еткен сыйы.

Келіпті жылдың құсы,
Күнде шу көлдің тұсы.
Күн жылы ызғары жоқ,
Жаз шығып, кеткен қысы.

Боздаған анау түйе,
Құлындап жатыр бие.
Гүлдеуге бет алып тұр,
Қызарып қызыл шие.

Егінші егін егіп,
Қостанып арба жегіп.
Тыныш жоқ ерте мен кеш,
Еңбекпен азап шегіп.

Ат шауып, тай жарысқан,
Таласып бәйге алысқан.
Көтерем арық-тұрақ,
Жаз шығып жайланысқан.

Ойын-той болып жатқан,
Ел көшіп, қонып жатқан.
Жаз шығып, жазғытұры,
Анау мал толып жатқан.

Жайнаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонып көл жағалай,
Вріске малын айдар.

Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп құрт-құмырсқа,
Жержүзі быж-быж қайнар.

Сұлу жүр сылаңдаған,
Күлімдеп қылаңдаған.
Ерініп бір басуға,
Жас талдай бұраңдаған.

Қыдырып жігіт салқам,
Ерігіп күнде дарқан.
Жеңгесі жылы жүзді,
Ат қойып «Кенже қалқам».

Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Қуаныш — мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.

Міржақып Дулатұлы өлеңдері

Барлық 89 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері