Шатлық
Міржақып Дулатұлы · 1885–1935 · 16 жол
Қайырлы сағат алашқа бірдей шатлыққа,
Сабыр етіп, сарғайып жеттік ақтыққа.
Сілкі үстіңнен шаңды, қазақ баласы,
Жетер енді, оянбай біраз жаттық та.
Аш ұйқыңды, ал қазақты матбұғат,
Шетке қақпа, біздің жұрт та болсын шат.
Талапкерлер майданында жарысып,
Бәйгесіне алып шықсын мағлұмат.
Бұлар келіп халықты қара ағартсын,
Білмегендер білгіш болып тағы артсын.
Әр алуан ғылымнан алып үлесті,
Шын көңілден халқына сүйген таратсын.
Бұл хабар қуандырар елді байтақ,
Керегін матбұғаттың келген байқап.
«Серке». . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1
Жасасын ғұмырлы боп енді «Айқап».