Елшібайдың баласы Қабырғаға
Әсет Найманбайұлы · 1867–1923 · 6 жол
Ассалаумағалайкум, жуан құдам,
Жұттан аман шығыпсың, қуан, құдам.
Құмға шыққан құрақтай қоқырайып,
Саптаяқтай көрінед ұмаң, құдам.
Үйіме жаңа ғана қонақ келді,
Еркек қой іздеп келдім бұған, құдам.