Мешбетті көргендегі сөзі
Әсет Найманбайұлы · 1867–1923 · 17 жол
Ассалаумағалайкум, ағай Мешем,
Елінде анам Қызай сіз бір көсем,
Алла берген денсаулық арқасында,
Есен-сау жүрмісіңіз аман-есен?
Мейірбан түсі жылы кісі екен ғой,
Бір ойдан әлдеқандай адам десем.
Еншәлла болғандай адам екен.
Сөзім бар кейінірек айтатұғын
Дәм айдап шеттен келген мейман десең.
Ей, Мешет, туысыңмын бөтен емес,
Таралған Арғын Найман орта жүзден.
Ішінде қалың топтың көру үшін,
Әдейілеп ат өксітіп іздеп келгем.
Бұрылып қай тарапқа беттер екен,
Жұмысым тиянақты сіз деп келген.
Қызыл тіл, сен де тоқта әзірінше,
Сөзіңді соза бермей тізбектелген.