Жасболат болысқа
Әсет Найманбайұлы · 1867–1923 · 7 жол
Байғана күнгей Байыс, басқа жайдан,
Таныған әуелден-ақ Арғын, Найман.
Ақтабан шұбырынды ел ауғанда,
Қалыпты бір мың жылқы Бәйті байдан.
Қосылды зор бәйгеге атқа тайдан.
Жұтаған төрелерге қыстақ беріп,
Асып еді Әбілпейіз Көканайдан.