Мәшһүр Жүсіп пен Ақан сері
Ақан сері Қорамсаұлы · 1843–1913 · 13 жол
Ассалаумағалейкум, Ақан мырза-ай,
Ашқа қандай дауа бар тоқ қылғандай,
Азға қандай дауа бар көп қылғандай?
Қандай тағы айтарлық ақылың бар,
Қияметтің ғазабы жоқ болғандай? –
деп сұрақ тастап, əзілдей қол алысқан екен. Əйтпесе,
мұндай сұраққа Мəшһүрдің өзі де жауап таба алмай
қиналып жүрген адам емес еді. Сонда Ақан Мəшһүр
Жүсіптің қолын алып тұрып:
Ашқа дауа қанағат тоқ қылғандай,
Азға дауа шүкірлік көп қылғандай.
Сайраңдап дүниені өтер болсаң,
Қияметтің ғазабы жоқ болғандай, –