Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әзіл түбі—зіл

1 мин оқу

Үш құрбы жігіт жолаушы келе жатып, бір үйге түседі. Үй иесі қонақтарымен әңгімелесіп отырады. Бір кезде қонақтардың біреуі тысқа шығып кетеді. Үй иесі қалған қонақтарынан:

—Әлгі жігіт қандай адам?—деп сұрайды. Қонақтар:

—Ол өзі бір есек,—депті.

Жігіт қайтып келген соң, үйдегі екі қонақ та аттарын көріп келуге тысқа шығады. Үй иесі қалған қонақтан:

—Бұлар кімдер өздері?—деп сұрапты. Қонақ:

—Бұлар бір жүрген ит, шошқа,—депті. Кешке ас ішер кезде үй иесі қонақтардың алдына бір дорба сұлы, бір мүжілген сүйек, суға араластырылған бір шылапшын кебек әкеліп қояды. Қонақтар аң-таң болып ашуланады.

Үй иесі:

—Өздеріңіз бір-біріңізді есек, ит, шошқа деп таныстырғаннан кейін әрқайсыңыздың сүйген тамақтарыңызды әзірлетіп едім,—депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз