Екі мақтаншақ
1 мин оқу
—Менің бір итім бар еді, атып үлгергеніме аспандағы құсты өзі қағып түсетін,—депті мақташақ.
—Менің бір көк есегім бар еді. Таңертең шайымды ішіп алып, Қызылжардан Қарағандыға жарты сағатта жетіп келуші едім,—дейді. Екінші біреуі:
—Е, сенің көк есегіңнің қанаты бар екен сонша?—дейді бірінші мақтаншақ.
—Ал сенің итің ұшқанда, менің көк есегім неге ұша алмайды?—дейді.