Аңқау келін
1 мин оқу
Ақтан деген шал қойын қоралап, келіні мен қызы мал сауып жатыпты. Атасының жүргенін аңғармаған келіні қайын сіңлісіне:
—Еркем, ақтанау ешкіні ұста,—депті. Қыз:
—А, нені дейсің?
—Ақтанау ешкіні деймін,—деп қайта атапты. Күле жүріп қыз ешкіні ұстай алмапты. Сонда жеңгесі:
—Не болған өзіңе, андағы ақ тушадан бөліп қайыр,—күлкі қысқан қыз ақ тушамен қосарлана қашқан ешкіні қуалай беріпті. Жеңгесі ұзандап:
—Андағы ақтан бөліп қайыр деймін, бөліп қайыр!—дегенде, қыз одан ары күліп отыра кетіпті. Мұны абайлап тұрған Ақтан шал қақырынып қалыпты. Сонда бір‑ақ сезген келіні:
—Қалай қойған ат өзі, оны айтсаң оған, мұны айтсаң бұған кете беретін,—деп бетін басып отыра кеткен екен.