Тәжірибелі дүкенші
1 мин оқу
Бір аларман Бөрібай деген жас дүкеншіні дөңгелетіп мақтай жөнеледі.
—Шебер-ақ екенсіз, шырағым, тәжірибең қандай мол еді!
—Рахмет, ағай! Қайбір жетіскен тәжірибе дейсіз.
—Жо-жоқ, айналайын, менің үш литрлік ыдысыма төрт литр қымыз құйғаныңды көргенде... тәжірибе демей қайтейін.