Түйенің қомы
1 мин оқу
Өмірбек түйенің қомын тігетін шебер екен. Біреу түйесіне қом тіктіріп алып, түйенің үстіне жапса кішкене тігілген қом екі өркешіне сыймапты. Оны көріп тұрған Өмірбек:
—Сенің түйеңнің өркеші қызық екен, бір өркеш те емес, екі өркеш те емес, бір жарым өркешті болса керек,—депті.