Қаншаға алсам, соншаға саттым
1 мин оқу
Ұры біреудің бөркін ұрлапты. Сатпақ болып оны базарға алып шығады. Базарда бөрікті онан тағы біреу ұрлап алады.
Кешке көршісі ұрыдан:
—Бөркіңді қаншаға саттың?—деп сұрайды.
Ұры:
—Қаншаға алған болсам, соншаға саттым!—деп жауап беріпті.