Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еріншек келіншек

1 мин оқу

Баяғыда бір шал мен кемпірдің ештеңе істемейтін, өте еріншек жалқау келіні болыпты. Күндердің күнінде шал таңертең ерте тұрып, келінінің ұйықтап жатқанына ашуланып, келін көрсе ұялар деп қолына сыпырғыш алып, қорасының ішін сыпыра бастапты. Оны көрген кемпірі үйінен шығып:

—Ау, шал-ау, маған бер, мен сыпырайын,—десе, шалы бермепті. Сөйтіп екеуі «мен сыпырамын» деп таласыпты. Сонда еріншек келін орнынан да тұрмай, терезеден:

—Неге сонша таласасыңдар, біреуің бүгін сыпырыңдар, біреуің ертең сыпырыңдар. Сөйтіп, кезек-кезек сыпырмайсыңдар ма,—депті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз