Әбден қайнатқайсың
1 мин оқу
Баяғыда Арқаның бір қазағы Сырдағы жекжатына келіп қонақ болады. Кетерінде қауын сұрайды. Жекжаты:
—Қауын әлі піскен жоқ,—дейді.
—Піспесе де бер!
Жекжаты лажсыз бірнеше көк түйнек үзіп береді.
Арқаның қазағы ауылға келгесін қауынды әйеліне беріп жатып:
—Піскен жоқ деп еді, әбден қайнатқайсың,—депті.