Қу тентек
1 мин оқу
Бір қу тентек байдың үйінің тұсынан:
—Мені аттан түсіріп алыңдар, әйтпесе анау ауылдың байына істегенімді сендерге де істеймін,—деп айқайлайды.
Бай тентектен секем алып, оны аттан түсіріп, сыйлы қонақ етеді. Сөз арасында әлгі тентектен:
—Егер аттан түсіріп алмағанымызда, не істер едің?—деп сұрайды.
—Не істей қоюшы едім, кетіп қалам да,—деп қарқылдап күледі қу тентек.