Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Сабырсыз ердің сазасы

1 мин оқу

Аңқау жігіт жолаушы жүріп келе жатып, бір үйге түседі. Ол үйдің қызы тары көже пісіріп, алдына қояды. Жігіт көжені ашқарақтанып ұрттап алғанда, аузы күйіп қалады. Сасқанынан иегін жоғары көтеріп шаңыраққа қарайды да:

—Апыр-ай! Мына қай жердің ағашы екен?—депті, жігіт қыздың назарына басқаға аудармақ болып. Жігіттің аузы күйіп қалғанын сезген қыз:

—Бұл саздау жердің ағашы,

Сабырсыз ердің сазасы,—деп күліпті.

Күлдіргі әңгімелер

Барлығы: 215 әңгіме

Тағы оқыңыз