Тісіме ет тиіп кетті
1 мин оқу
Бір қудың досы сараң екен. Үйіне қонаққа барса, сараң:
—Етін көп етіп ботқа пісіріп берем,—депті. Бірақ ботқаның еті тым аз екен. Қу ботқаны жеп отырып:
—Ойбай!—деп жағын ұстай алыпты. Сараң шошып кетіп:
—Е, не болды?—деп сұраса, қу қабағын шытып:
—Әшейін, тісіме бір түйір ет тиіп кетті,—деп ботқаны жемей қойыпты.