Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (1-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Сөйле десең біздерге,
Не сөйлейін сіздерге.
Көп те сөзім жоқ еді,
Айтпайды бойым кездерге.
Қаратаудың үлкені,
Сөйле десең сөзімді,
Қызыл жібек қырмызы,
Олар да қалар бір күні.
Ақ төстерін аңқытып,
Аққу қайтар бір күні.
Қызыл турам дәм болса,
Аямайды қарындас
Қырық күн шілде жаз күні.
Кімнің малы бар болса,
Қызығын көрер аз күні.

Бұрынғы өткен заманда
Ер Қамбар деген бар екен,
Әзімбай деген бай екен,
Солардан қалған сөзімді,
Он хан үйлі оят бар,
Қырық сан үйлі қыят бар,
Алпыс үйлі арғын бар,
Жетпіс үйлі жебір бар,
Тоқсан үйлі тобыр бар,
Он сегізде жасы бар,
Жалғыз туған басы бар,
Алалға қара дегенде,
Қара тұлпар аты бар,
Әуелі Құдай себепші
Соның бәрін асыраған,
Қамбар деген бір ер бар.

Құлағыңды салыңдар,
Сол уақытта ноғайда
Әзімбай деген бай болған,
Төрт түлікке сай болған.
Ішкендерін сұрасаң,
Шекер менен бал, шай болған.
Байлығы шалқар көл еді,
Көп ноғайдың биі еді.
Алты ұғлы бар еді,
Бәрі бірдей бөрі еді.
Кіші ұғылын сұрасаң,
Алшыораз мырза дер еді.

Алты ұғлының ішінде
Хор қызындай пішінді,
Назым атты жалғыз қыз
Алты ұғлымен тең еді.
Алтын күйме ішінде
Ақ сұңқар құстай толады.
Жауған қардан ақ қылды
Қыз Назымның еттерін.
Адам пенде көрмеген
Пердесін ашып беттерін.
Еш пендеге айтпаған
Ғашықтықтың дерттерін.
Баян қылып айтайын
Құдайдың берген көріктерін.

Табаны жерге жетпеген,
Маңдайы күнге күймеген,
Күймеден басқа нәрсеге
Жорға екен деп мінбеген.
Торқадан басқа киімді
Тон екен деп кимеген.
Шықпаған өзі сайынға,
Салмаған көзін ойынға.
Назым атты сұлудың
Айтайын енді жайында.
Емін-еркін ер жетті,
Күйеуге бермей күн өтті,
Тоты құстай түленді.

Ат шаптырды Әзімбай
Он екі баулы өзбекке,
Ат кекілін өрмекке.
Жұрт шақырған мәнісі,
Алғыш деген Назымды
Сүйгеніне бермекке.

Есіткен соң хабарды,
Ноғайға салған шабарды.
Көп те кетіп барады,
Алтын тақтың үстінде
Бек те кетіп барады.
Алаңғасар әңгүдік
Текке кетіп барады.
Аз да кетіп барады,
Сақал-мұрты ағарған
Шал да кетіп барады.
Самайынан бит аққан
Таз да кетіп барады.
Сексен қойға ат алып,
Он бес қойға мата алып,
Сылдыр моншақ сықаққой,
Жарлы да кетіп барады.
Бай тойына барғалы,
Жетсе Назымды алғалы.
Шара бар ма кедейге,
Қалың борышқа қалғалы.

Сәскенің кезі болғанда
Ауылда тұрып қыз Назым
Қудай мойнын толғанды,
Барайын деп ойланды.
Алтыннан қамыт доғасы,
Қымқап тонды киеді,
Шорай алтын жағасы.
Судалка шілия күмістен,
Божы арқаны күмістен.
Қызметкері тез жеккен,
Жегіп алды қос қара ат,
Киіп алды қос манат.
Киіп алды қос манат,
Қос арғымақ арындап,
Алтын арба сарылдап,
Ақарал атты шаһарға
Назым келіп қырындап.

Алтыннан қосқан терезе
Кілтін Назым ашады,
Алтын менен гауһарды
Әзімбайдай әкесі
Көшесіне шашады.
Базарда тазша күбандар,
Жаяу жүрген сигандар,
Алтын арба Назымның
Көп жаяуды басады.
Белде-белде, бел асар,
Бектерге садақ жарасар,
Сәскеде келген қыз Назым
Бесінге шейін аралап,
Мырзаларын саралап,
Тал бойына бір қайран
Таппағансиды миясар.

Тағы оқыңыз