Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (6-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Ақылменен білді де,
Түрлі киім киді де,
Күймесінен түседі.
Құданың салған әр ісін
Ақылменен күтеді.
Зер жапасы басында,
Алты жеңгесі қасында,
Ақылды туған қыз Назым
Аузы түкті кәпірге
Келе жатыр осында.

Торғынды жібек бөз болды,
Күміс түйме жез болды.
Ақылды туған қыз Назым,
Аузы түкті кәпірге
Нақ сәскеде кез болды.

Сұлулары көрген соң
Шыдамай сабыр-қарары,
Кезек түсті жанары,
Ұстайын деп ұмтылды
Қыз Назымның білегін.
Алдауменен патшадан
Тілеп алды тілегін.

—Ғадалетті Мақтымхан,
Алдыңа келді жалғыз жан.
Құдай бір де, заң басқа,
Бұйрық болса Құдайдан,
Құтылмаспыз ауынан.
Келуші еді әуелі,
Күйеу үйден, қыз тыстан,
Ұстаушы еді білектен.
Ұзағынан тілесе,
Берермін деген тілектің.
Сексен күндей ой қылып,
Сексен күндей той қылып,
Үш сексен күн дегенде
Қыз, жігітті жатқызып,
Бұйрықтайын татқызып,
Алтын-күміс артқызып,
Ұзатушы еді атамыз,
Бұрынғы-соңғы жол қылып.

Бұл сөзіне нанғаны,
Ақылменен алдады,
Тыста тұрған жеңгеге
Жүгіріп Назым барғаны.
Назым қолын қимады,
Бір жеңгесі жабықтан
Кәпірге берді білегін.
Алдауменен патшадан
Тілеп алды тілегін.
Алтынды ішік саудырап,
Қайтадан барып тауыпты
Алтын күйме түнегін.

Бір күндері көп ноғай
Бәрі жүріп кеңесті,
Кеңескенде не дейді:
—Береміз,—деді,—Назымды,
Ұшырды көлден қазымды.
Асырап жатқан тобырды,
О да бір туған пері еді,
Ғали[дан] соңғы ер еді,
Батыр еді айтулы,
Шарайна белдік тартулы,
Кәпірге қиған Назымды
Қамбарға қимай бола ма.
Ат-айғырдан мың жылқы
Іріктеп шығып өңкей би,
Алып жүрді тартуды.

Кәпірден ноғай қорықты,
Күн-түн қатып жүр деді,
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Батыр Қамбар жүргенде,
Өңкей билер жолықты.
Сонда Қамбар сұрайды,
Бір ақылды ойлады.
—Ассаламағалейкүм,
Артықша туған ерлерім,
Қайғылы болып тұрды ма
Қатын-бала, елдерің.
Толықты ма миларың
Кәпірден қысым көргендей
Түстеріңіз қатыңқы,
Жолыңыз болсын, билерім.

Сонда билер сөйледі:
—Жақсы айтасың, Қамбаржан,
Үміт үздік бұл күнде
Төрт түлік жиған малдардан.
Уайым-қайғы көп болды
Кемпір менен шалдардан.
Сізді іздеп келеміз,
Біз қорлықпен өлмейміз
Кәпірдің хакім хандардан.
Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Әу басында, билерім,
Бәріңіз бірдей бек,—дейді.
Әзімбайдай байыңнан
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген сөз
Сүйегіме менің өтті енді.
Бір тілегім Құдайдан,
Кәпір алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға.
Артық туған Назымды,
Алсам сонда тек,—дейді.

Сонда билер бастады:
—Алғалы жатыр Назымды
Мақтымхандай ханыңыз,
Ішке толған зарымыз.
Тартып алып кетсе де,
О да сіздің арыңыз.
Тәуекел деп барыңыз,
Алла оңғарса, қыз Назым
Болмай да қалмас жарыңыз.

Сонда Қамбар сөйледі:
—Ит жүгіртіп құс салған
Өлмеске қылған амал-ды,
Асырап жатқан тобырым
Өңкей ғаріп жаман-ды.
Желігіп жауға мен кетсем,
Айналып келмей тозар ел.
Мынау шолақ заманда
Бәріңіз бірдей араға
Жаудан бізге садаға.
Қайтарыпты билерін,
Жеті күн беріп уағда.

Тағы оқыңыз