Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (7-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Әлқисса, күндерде бір күн Мақтымхан ноғайдың билеріне ұрысты:—Менің падишаһ, әм күйеу болғаным қалай, сіздердің ойын, қызық сауық қылмағандарыңыз қалай. Сонда билер:— Рәмсі тақсыр, біздің елде сіздің алдыңызда лайықты ойын ойнау[ға] кісіміз жоқ. Егер мына жақта көп тобырды асырап жатқан Қамбар кедей деген бір бала бар еді, бірақ ол келе алмайды. Сіз марқаматшылық қылып алдырсаңыз екен,— деген соң, патша Келмембетті жіберді, екі қоржын басы діллә беріп: «бар, келсін, мынаны ғаріптері қорек қылсын, өзі келіп алдыма ойын қылсын» деп.

Ділләні артып молықты,
Күн-түн қатып жүрді де,
Мінген аты зорықты.
Ит жүгіртіп құс салып,
Батыр Қамбар жүргенде
Келмембет келіп жолықты.
—Қай ісіне көнбейміз,
Қаһар қылса құдірет.
Құдайдың берген қайратын,
Аясам жаудан бір манат.
Есіткенім бар еді,
Көргенім сені жоқ еді,
Жолыңыз болсын, Келмембет.

Келмембет сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Біздің падишаһ ақылды,
Сені Қамбар шақырды.
Қылсын деді ойынды,
Құйсын деді шайымды,
Менмендігі болмасын
Ер Қамбардың ойында.
Үлестіріп діллә берейін
Өңкей тобыр жандарға.
—Ит жүгіртіп құс салмасам,
Көп тобырым... Қамбарға...
Барамын деп хандарға
Тоғыз күн берді уағда.
Ділләні алып со жерде,
Тобырдың көңілі бітеді.
Қара қасқа тұлпарды
Қамбар ерің күтеді.
Жүні бұла өссін деп,
Алтынды ер жаптырды,
Көзі гауһар өссін деп,
Төрт шамшырақ жақтырды.
Аяғын арқан қияр деп,
Жібектен маймырт тақтырды.
Ащы тері шықсын деп,
Таң асырып шаптырды.
Жолдасына сенбей-ақ,
Шешесіне бақтырды.

Етек-жеңін қағынды,
Кәпірлерге баруға
Батыр Қамбар сағынды.
Қанжығам құтты болсын деп,
Байлады батыр дабылды.
Ердің ісі салмақты,
Кім өлмейді, таусылса,
Қаза жетіп, талқаны,
Сырт жағына бір салды
Алтыннан торы қалқанды,
Арпа, бидай сықылды.
Кәпірлерге баруға
Батыр Қамбар ынтықты.
Алты көш жерден демеген,
Күндік жерден көздеген,
Мойнына салды бір қару,
Түзу қара мылтықты.
—Ата алмасам, маған серт,
Атқаныма шыдамай,
Дүміңнен кетсең маған серт.

Жеркелі жұмысты
Көрсеткелі тауысты.
Соғарына кегенде
Сом балғаны тауысқан,
Суарарға кегенде,
Көлдің суын тауысқан,
Беліне ілді бір қару,
Балдағы алтын қылышты.

Кәпірге қылар хайланы,
Көрер ерлік пиданы,
Құдайдың тисе қайраны,
Шаншып алған секілді,
Болаттан құйған найзаны.
—Шанша алмасам, маған серт.
Шанышқаныма шыдамай,
Оңқыңнан кетсең саған серт.

Қыздар тігер қос қалта,
Ішке жағар ақ малта.
Аш беліне қыстырды
Болаттан соққан айбалта.
—Шаба алмасам маған серт,
Шапқаныма шыдамай,
Оңқыңнан кетсең саған серт.

Ойлайды батыр талапты,
Тойғызды кедей тамақты.
Шіреніп тартса сынбаған,
Шыққан оғы қайрылмаған,
Ер басына қыстырды
Аузы қайқаң садақты.

—Қарсы алдынан қар жауса,
Ақша бетке сабалар.
Жамандарға сөз айтсаң,
Есектейін шамалар.
Жақсы аттан жығылса,
Жаман адам табалар.
Қаз[ан]атлыққа барамын,
Кәпірге ойран саламын.
Тілеулес болып тұрың[ыз],
Бізді тапқан апалар.

Тағы оқыңыз