Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (8-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Сонда апасы сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Барсаң, Қамбар, көрерсің
Ақаралдың шаһар қаласын.
Өлтірерсің кәпірдің
Қисабы жоқ немесін.
Қызыл қанды кешесің,
Майданға кіріп кеткенде,
Есіңе алмай кетесің
Өзінің тапқан шешесін.
Хақ Жаппар-ау, Жаппар Хақ,
Падиша құрар алтын тақ,
Сақтаушы болсын жалғыз Хақ.
Атқышыл менің мергенім,
Шүлеңкерім, зергерім,
Көзімді ашып көргенім,
Көп тобырдың, қанеки,
Жолдас болып ергенің.
Алла, саған аманат,
Бір тапсырып бергенім.

—Екіталай іс болса,
Ердің ісі жөн келер,
Қаса батыр майданда
Диірмендей дөңгелер.
Иіліп сәлем қылысқан,
Ибаменен тұрысқан,
Тәңірім мені сақтасын
Осы барған орыстан,
Тілеулес болып тұрыңыз,
Ақ жаулықты жеңгелер.
Күндіз жүрсем құрдасым,
Түнде жүрсем мұңдасым.
Бір төсекте сырласым,
Ақылы түгел мұңдасым,
Халқым үшін барады
Кәпірлерге бір басым.
Қынабынан лықсиды
Тасты кесер алмасым.
Түңілмегей кәпірден
Бұ сапарда арымыз.
Дұшпандардан именбес
Көңілде қайрат барымыз.
Тілеулес болып тұрың [ыз],
Алпыс рулы ар[ғ]ында
Кемпір менен шалымыз.

Қара қасқа тұлпарға
Бестен жүген жүгендеп,
Бұраңғымен белдіктеп,
Шұғаменен терліктеп,
Жұптап айыл салады.
Тәулеп қамшы алады,
Күн жетпеген бауырдан,
Жел жетпеген сауырдан,
Орай бұттан салады.
Ақ білектің зарпынан
Тау жаңғырып қалады.
Сай суындай сарылдап,
Манат тоны дарылдап,
Шапқан сайын батырың,
Алты қырдан артылып,
Жер бауыры тартылып,
Ауыздықпен қарысып,
Ұшқан құспен жарысып,
Көбігі түсіп сауырдан,
Тер тамшылап бауырдан,
Үстіндегі ер Қамбар
Әруақ қысып барады.

Қара қасқа тұлпардың
Есіткен соң дүбірін,
Назым тосып тұр екен
Ер Қамбардың алдынан
Тоты құстай түрленген.
Қамбарға айтып бір сөзді
Сұлу Назым жаранған.
—Кәпірлер келіп орнады
Ақаралдай шаһар қалаға.
Үкім қылып келіп тұр
Біздей ғаріп балаға.
Аш белімді қынадым,
Баяғыда көргенде
Ер екенің сынадым.
Тұра ма сені деп едім
Мұсылман мен кәпірдің
Жекпе-жек деп араға,
Көп кешігіп келместей,
Ішім толды сәнаға.
Кәпір барып топ аттың,
Келмеді деп ер Қамбар,
Көп өзбекке жоқтаттың.
Келеді деп өзіңді,
Қалай келмес деп едім.
Тарыққандай кезімде
Ақылым қалай, ер Қамбар,
Кәпірдің ханы Мақтымды
Үш сексен күн тоқтаттым.

Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:
—Қара қасқа тұлпарым
Қызғаннан соң тұрмады,
Оқ жыландай зырлады.
Қыз Назымға сөйлеген
Ер Қамбардың жауабы:
—Қара қасқа тұлпарым
Қазған ордан секірді.
Келмеді деп көп ноғай,
Бекер маған өкінді.
Мен ғаріп бір баламын,
Бір сапарға барамын.
Жол үстінде айалмен
Сөйлесем болар кесір-ді.
Алла өзі дем берді,
Ерлердің ісін жөн көрді.
Жетіп келді ләшкерге
Ақ таяқ екен патшайың
Келмембетке кез келді.

Сонда Келмембет айтады:—Әй, Қамбар, падишаң саған қатты қаһары келіп өлтірем деп отыр, мұсылманнан шыққан бір ер едің, мен сені патшадан тілеп алайын,—деді. Сонда Қамбар айтты:—Мені сен тілеп алма, құдіретің жете ме?—деді. Сонда Келмембет айтты:—Мен патшаға ақ таяқ уәзір болғалы ешбір жұмысым түскен жоқ, мәкар түскен жұмысым осы.

Тағы оқыңыз