Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Назым қыздың әңгімесі

Қамбар · Ертегілік нұсқа · 1 мин оқу

Баяғыда бір хан болыпты. Оның Назым дейтін сұлу қызы болған екен. Ол қыз «өзім сүйгеніме барамын, мен бай таңдап кімді көңілім сүйсе, бай-кедейлігіне қарамастан көңілім сүйгеніне барам» деген екен. Соған хан әкесі елін-жұртын жиып, бай-кедей демей, бәрін шақыртыпты. Алдынан бәрін өткізсе, ешбір адамды Назым қыз жақтырмайды. Сонда хан айтыпты шақырушыға:—Бұл елдің бәрін тамам шақырып болдыңдар ма? Қалған ел бар ма? Сонда шақырушы ханға:—Тоқсан үйлі Тобыр, сексен үйлі жебір, соның бәрін асырайтын Қамбар деген кедей бар, соның елін кедейсініп шақырмадым,— депті. Кедейсініп шақырмаған Қамбар хан қанша шақырса да бармапты. Ауылының маңынан әрі-бері аң атып, аңшылықпен күнелтіпті. Өтіп жүргенде қыздың көңілі Қамбарға түседі екен. Оны көріпбіліп жүрген екен. Қыздың ағалары Қамбарды кедейсініп менсінбейді екен.

Күндерден бір күні Қамбар Назымның ауылының маңынан аң атып өтіп бара жатқанда жолын тосып тұрып қыздың Қамбарға айтқан сөзі:

—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңның мойнында
Өкпе-бауыр, жал бар-ау.
Біздің үйге түсе кет,
Қанша мейман келсе де,
Күтетін бізде әл бар-ау.

Сонда да мойын бұрмай Қамбар өтіп жүре береді екен. Сол арада басқа бір елдің ханы «қызды маған бер, бермесең, еліңді шабамын» дейді екен. Сонда Қамбарға қыздың ағалары келіп, қорқып, Қамбардың аяғына жығылып «жесіріңді өзің ал, бірақ мынау жаудан бізді құтқар» деген екен. Сонда Қамбар елдің намысына шыдамай, жаумен соғысып, оны жеңіп, Назым қызды өзі алып мұрадына жетіпті.

Қамбар

Барлығы: 28 жыр

Тағы оқыңыз