Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (3-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Көңліне енді намысы,
Ақылын сұлу тауысты.
Ер Қамбардың артынан
Шақырып салды дауысты.
—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңда жал бар-ау,
Біздің үйге түсе кет,
Шай самаурын іше кет.
Қанша мейман түссе де,
Күткендей бізде әл бар-ау.

Артынан Назым келеді,
Жүгіріп жаяу тез шығып,
Ерке көңлі бұзылып.
Қамбардың қиял бір ойы:
«Сөйлесе кетсем сұлумен
Кетермін деп қызығып».
Артынан Назым келеді,
Жүгіріп басып емініп.
Ары қалды төгіліп,
Ақ өткелдей өткелден
Өте шықты ер Қамбар,
Үзеңгісі суға көміліп.
Ар жаққа шығып шешінді,
Әрбір сөзі Назымның
Қамбар[ға] айтқан мығым-ды.
Өкпе[сі] аузына тығылды,
Шаршап батыр жығылды.

Жерге салды тепкіні,
Қамбарға қылды өкпені.
Қарамастай өзіме,
Не болды менің жүзіме.
Ақ бетіме салды ма,
Жаппар бүгін секпілді.
Көшсе көшті бір майда,
Қомы сиған түйелі.
Көк шалғынға қонады
Саумалы бар биелі.
Қарамастай өзіме,
Не болды менің жүзіме?!
Ақ бетіме салды ма
Бес бармақтап күйені.
Ақ жүзім менің оңды ма,
Кедейдің соры болды ма,
Айнамды алып көрейін,
Опа, еңілік жағайын.
Алты құлаш ақ өрмек
Нақ жолына құрайын.
Сөйлесең бәске тұрайын,
Қайрылып енді келмесе,
Кедейдің сорын ұрайын».

Сары алтыннан бар еді
Жүзін көрер пердесі.
Алты бірдей бар еді
Қыз Назымның жеңгесі.
Пердесін қолға алады,
Пердеге жүзін салады,
Өз жүзіне қыз Назым
Талып түсіп қалады.
Жеңгесіне иіртті
Алты ұршық ақ жібек.
Жеңгесіне жүгіртті,
Өзі құрды өрмекті.
Қамбардың жүзін көрмекке,
Далаға шықты көрнекке.

Белсенсе білек көрінер
Сырдың құба талындай.
Торғын балтыр көрінер
Ақ киіктің таңындай.
Қасы қара көрінер
Құралайдың теңіндей.
Екі емшегі көрінер
Сау қайыңның безіндей.
Ғашықтықтың зарпынан
Тоқиды өрмек ерінбей.
Қара қасқа тұлпардың
Маңдайында ағы бар.
Келетұғын Қамбардың
Кешкі мезгіл шағы бар.
Бір жағында бес құлан,
Бір жағында бес құлан,
Теңдеп алған аңы бар.
Құдайдың берген Қамбарға
Атадан артық бағы бар.
Қызыл алтай бір түлкі,
Тымақтығы ердің тағы бар.
Сипай-сипай қамшылап,
Жаңбырдай тері тамшылап,
Он құланменен шоқытып
Келе жатыр жануар.

Назым қақты өрмекті,
Ғашық болып отырған
Қамбардың жүзін көрмекке.
Көк алмасын суырып,
Заманасын қуырып,
Ат үстінен өрмекті
Кейіп шауып сермепті.
Балалы арқар баурайды,
Баласыз арқар зарлайды.
Алты құлаш ақ өрмек,
Алты жерден қыз Назым
Ашуланып турайды.
Дерті қатты сайыр еді,
Данышпан өзі ақылды,
Өткізбен деп қапылды.
Артынан жаяу жүгіріп,
Қамбарды Назым шақырды.

—Қара қасқа атты Қамбар-ау,
Қара атыңда жал бар-ау,
Қараның ханы елдер-ау,
Айтпасам да білмейсің,
Ашпасам да көрмейсің,
Дәнемені көрмеген,
Жалаңбұт өскен заңғар-ау.
Алды-артыңа қарасам,
Кедейің қалың сор бар-ау.
Өздерің барсаң оқисың
Бес намаздың қазасын.
Көрген жерден таныдым
Сүйегіңнің тазасын.
Айалың жаман дейтұғын
Есітсеңіз назасын.
Саған ғашық болғаным,
Кәпірдің берер деп едім
Жалғыз-ақ өзің жазасын.

Тағы оқыңыз