Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Қамбар (4-бөлім)

Қамбар · Қазан басылымы, 1888 · 2 мин оқу

Сонда Қамбар сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Сен жеріңді жек,—дейді,
Ноғайдың бәрі бек,—дейді.
Әзімбайдай әкеңнен
Көп тобырым қаңғырып,
Барып тамақ жеп пе еді.
Алыста жатып есіттім,
Өзімді кедей деген соң,
Сүйегіме менің өтті енді.
Бір тілегім Құдайдан,
Кәпір алса олжаға,
Мінгізіп салса арбаға,
Артық туған қыз Назым
Алсам сонда тек,—дейді.

Сонда Назым сөйлейді,
Сөйлегенде бүй деді:
—Ақ өткелдің ар жағы
Жайма біткен қызыл тас.
Он сегізде Қамбар жас,
Шақырсам да қайрылмай,
Көңілімді қылдың мұнша пәс.
Алты ұғылдың ішінде
Мен бір туған қалам қас.
Көп тобырда сен едің
Тасты кескен бір алмас.
Аламын деп бір күні
Жиылып келер кәпір нас.
Өзімді айал демесең,
Жауабымды күтерсің,
Меніменен ақыл қос.

Қамбар тартып жөнелді
Қара қасқа тұлпарын.
Көп сөйлесіп Назымның
Тарқатпады іңкәрін.
Ауылға қайтқан секілді
Құртып бүгін дімкәрін.

Сөйлескенін көрген соң,
Ғашықтығын білген соң,
Ауылда тұрып көріпті
Әзімбайдың баласы,
Қыз Назымның ағасы,
Қызғанып айтқан сөзіне
Антұрғанның қарашы.

—Артықша туған Алшыораз,
Сүйегің болған шын Қораз,
Қарай қойшы кедейге,
Назымжанға не дейді.
Кедей ханы Қамбарды
Алып келші өзіме,
Бір көрсетші көзіме,
Басын баудай кесейін,
Қанын судай ішейін,
Құнын өзім өтейін.

Сонда Алшыораз сөйледі,
Сөйлегенде не деді:
—Мінгенде атың көк,—деді,
Айтуға аузым епті еді.
Назым сүйсе Қамбарды,
Шақырып алып берелік,
Мал алмастан тек,—деді.
Ай, ағалар, ағалар,
Ер қолынан мал тайса,
Өзен-суды жағалар.
Бектер мінер бедеу ат
Темірменен тағалар.
Кәпірден қысым келгенде,
Көп ноғайдың баласы
Сондай бір ерді сағалар.

—Мінгенде атың көк пе еді,
Айтарға аузың еп пе еді.
Жалғыз атты кедейге
Назымжанды беруге,
Өз бойыңа еп пе еді.
Мінгенде атың ала-ды,
Алаға тоқым салады.
Сөздерден сөз ушығып
Алшыоразбенен екеуі
Бақандасып қалады.

Сонда Назым көксейді
Он сегіз жасар Қамбарды,
Бірге туған жандардай.
Сол күндегі кәпірде
Мақтым хан деген хан бар-ды.
Ерлер атын суарар
Лайы жоқ бұлаққа,
Ат шаба алмас құмлаққа.
Әзімбайдың Назым қыз
Бар дегені бір күні
Кәпірдің ханы Мақтымхан,
Түскен екен құлаққа.
Кәпірдің ісі ақымды,
Патшалары ақылды,
Падишаның бар екен
Кедей ұлы Келмембет дейтін
Түбі шалақазақ шоқынды.
Патша алдына шақырды,
—Көп өзбекке бар,—дейді,
Әзімбайдың Назым қыз
Бізге лайық жар,—дейді.
Әзімбай берсін сол қызын,
Құлағына сал,—дейді.

Хан жарлығын қайтармай,
Падиша екі айтар ма-ай.
Тоғыз орыс қасында,
Жез телпегі басында,
Сырнайлары бапылдап,
Дулығасы жарқылдап,
Келе жатыр Келмембет
Ойынын ойнап шайтандай.
Ат құлағын теңлесті,
Кәпірлер құрды кеңесті.
Әзімбайдың аулына
Келіп қылды сөйлесті.
Кәпірдің кең қаласы
Жауаптың болды таласы.
Үйден шығып сөйлесті
Әзімбайдың ұлының
Бір ортаншы баласы,
Жауабын соның қарашы.

—Ол, ол болсын, ол болсын,
Жеке де басың қол болсын,
Түн ұйқысын бөлгендей,
Қабақтарың қатыңқы,
Түнше бұлт көргендей,
Атыңның жалы жатыңқы.
Қара да шекпен қынамал
Шаппалы мылтық нұсқалы,
Атылмай оғы тұрар.
Атыңды махкам түзейсің,
Кәпірлерге ұқсайсың,
Сұраймын,—деді,—жол болсын.

Тағы оқыңыз