Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Бозұғлан (1-бөлім)

Бозұғлан · Ә.Бижанұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Ертеде Бозұғлан деген хан болыпты. Оның екі қарындасы болған. Бірінің аты—Гүлхадиша, бірінің аты—Лағыл екен. Екі бас уәзірі о да бір туған ағайынды екен, аттары - Әжібек пен Опабек екен. Бозұғлан екі қарындасын екеуіне қосыпты. Халқының барлығын сол екеуі билейді екен. Лағылдан Жүсіп, Ахмет екі ұл, бір қызы болыпты. Қызының аты—Қарлығаш екен. Оба деген аурудан Әжібек, Опабек, Гүлхадиша үшеуі өледі. Жүсіп, Ахмет, Қарлығаш, шешесі Лағыл қалады. Бозұғлан хан [оларды] тәрбиелеп өсіріп, Ахмет, Жүсіп ер жетіп халқын билейді. Қырық нөкері бар болады. Халқы күндеп ханға шағыстырып, хандығыңды алып орныңа мінгелі жүр деп шағыстырып [айтқан соң], оған сеніп, «бұл шаһарда тұрмасын, кетсін» деп, әмір етіп қуады. Қырық нөкер соңынан көп халық еріп: «Босқа кетпей атысып кетейік» дейді.

Адам сопы Хауадай ата-анасы,
Таралып дүниеге көп баласы.
Жайларын адамзатқа қоныс үшін
Жер мен көк жарық берген екі арасы.

Жұрт өткен неше ғылым бізден бұрын,
Бірі кеп, бірі қайтып бірін-бірін.
Исфаһан шаһарында Бозұғлан хан—
Бір сұлтан шыққан екен ерте бұрын.

Әжібек, Опабекпен бас уәзірі
Патшаның билейді екен ішкі ақылын.
Бір туған өзіменен қарындасын
Қосыпты екеуіне екі қызын.
Екі қыз, бірі—Лағыл, [бірі]—Гүлхадиша,
Таусылмас айта берсе осы қисса.
Әжібек, Опабек пен Гүлхадиша
Жұманың қайтыс болды арасынша.
Бозұғлан қос жиенін тәрбиелеп,
Өзінің асырады баласынша.

Білімді, нұсқасы артық, бәрі толық,
Ақылдасы патшаға болды серік.
«Тақтыңды қос жиенің басады» деп,
Сұлтанға сөз жүргізді шағым беріп.
«Кетсін,—деп,—шаһарымнан» хабар салды,
Өсек айтқан дұшпанның тіліне еріп,
Атсам деп қарашы нөкерлері
Айтады Жүсіпбекке бәрі келіп.
Жүсіпбектің атысты ұнатпай айтқаны:

—Ей, жарандар, ұнамайды бұл сөзің,
Қуаттама дұшпандардың күң сөзін.
Күңшілікке сабыр қылсаң керек-ті,
Ішке сақтай ойланып жүр бір кезін.

Әрқашан сабырлықтың арты кеніш,
Б астама, ей, жарандар, жолға теріс.
Кәрия, көп жасаған, көп жол көрген,
Жайлы жер бар ма бізге сияр қоныс?

—Оңаша Сабзар деген жақсы жер бар,
Шаһары бір арғынның сияр тегіс.
Жана да киік, құлан мекендеген,
Қызықты соған жетсек өзі дұрыс.

Сол жерге бармақ болып ауып берді,
Әшірбек өңшең басшы, ылғи шер-ді.
Қыр киік, үйі балық айтуындай,
Бір жайлы, тамашалы, жақсы жер-ді.

Ерендер дарымаса ер болмайды,
Басшы боп қырық шілтен жол оңдайды.
Әуезі атырапқа көтерілді,
Атағын естімеген ел болмайды.

Бар екен Үргеніштің бес қаласы,
Сарттың өсіп-өнген бір парасы.
Таяулау қалмақ жақта қонысы бар,
Қорқақтап болады екен қорғаласы.

Қыз жіберіп сыйлаумен тұрады екен,
Қарсылық күштесуге жоқ шамасы.
Бес шаһар билейтұғын бес ханы бар,
Үлкені Ерғали хан отағасы.

Сабзарға екі ер кепті заты бөлек,
Ер дейді Көрұғлыдай даңқы бөлек.
Дұшпанға қайраты артық қару дейді,
Мөр басып келер еді қылсақ керек.

Тағы оқыңыз