Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Қисса Бозұғлан (4-бөлім)

Бозұғлан · Ә.Бижанұлы нұсқасы · 2 мин оқу

Азық қамдап үстіне шатыр алды,
Өнерпаз мергендерді қосып алды.
Айтқаны дұрыс екен жер туралы
Қайтпалық тарқағанша шер-құмарды.

Сонда Мырза Мәмет айтады:

—Ей, сұлтан, біздің жерге келдің жақын,
Алатау арғы беті бір-ақ асым.
Кілттің ықтияры қолымда еді,
Мен едім билейтұғын қазынасын.
Сізден артық ел таппай келдім десем,
Орнымды берер еді ол жолдасым.
Қолымнан әр саудагер қарыз алған,
Бар еді құда болған әр жекжатым.

Алтынды солардан да алар едім,
Ей, сұлтан, рұқсат етсең барар едім.
Жүретін күнде бері саудагерге,
Кіреге ақы беріп салар едім.
Сіздерге алтын қажет деп тұрғам жоқ,
Сылтауым осы болып табар едім.
Бар еді жастай қалған жалғыз ұлым,
Қуаныш көз қызығым көрер едім.
Ойымда Құдайға рас бір бөтен жоқ,
Екі бек көркеюің тілегенім.

Екі бек берді ұлық Мәмет қуға,
Алданды аярлықпен, шіркін, суға.
«Тез барып Батпайменен келіңіз» деп,
Жөнелтті қош айтысып ғаяр суға.
Мәмет қу жылдам келді Көзелшеге,
Лайықты өнер берген әр пендеге.
Көргенін бастан-аяқ түгел айтып:
«Жинаңыз қырық мың әскер қазірінде.
Алдаумен қапылыста ұстамасақ
Ол әскер түк қылмайды екеуіне.
Шыға алмай уағдамнан келдім қайтып,
Сөйлесем баға келмес өлшеуіме».

Жинады қырық мың әскер қазірінде,
Патшаның не десе де әмірінде.
Басы ғып Көкше батырды қосып берді,
Қос-қос қып басшы берді әрбіріне.
Он қашар алтын-күміс, гауһар артты,
Бектерді басқы сөзбен сендіруге.

Мырза Мәмет отыз мыңды тау арасына қойып, он мыңды ойға түсірді, он қашар алтынды әкеле жатып бесеуін бір жаққа жіберіп, бесеуін тағы бір жаққа жіберіп, өзі бектерге келіп: «Он қашарға алтын-күміс артып келе жатып, қашарды жүгімен қойып дем алсам, ұйықтап кетіппін, тауып алайық»,—деп қырық нөкерімен атқа мінді. Бес қашарды таптырып, бесеуін таптырмай қарады, екі бек Мырза Мәметті ертіп бір тұсқа кетті. Әшірбек пен қырық нөкер бір тұсқа кетті. Өте жайшекен [деп] күн жайлатып бір үңгірге келіп паналап, бектер шарап ішер екен, шарапты ішкізіп ұйықтатып тастап, он мың әскерді әкеліп аяққа кісен салып, екі қолға күнде салып оятты. Шошытып айдап жөнелгенде Ахметтің бойынан мастығы арылмай, «жігіттерге осындай қорлық көрсеткендей не жаздық» деп ағасы Жүсіпбектен сұрады.

Сонда Жүсіпбектің айтқаны:

—Көзіңді ашқыл, бек Ахметім,
Дін Қоразбан шәрің қалды.
Исфаһаннан бірге келген,
Жігіттерге басшы болған
Әшірбектей шерің қалды.
Не менің сәнім қалды,
Ойнап жүрген жаран қалды.
Байлаулы дүр білектерім,
Қабыл болмай тілектерім,
Көтеріп ауыр жүктерім,
Қатарым мен нарым қалды.
Емшектесіп бірге туған,
Менің үшін жанын қиған,
Қарлығаштай сіңілім қалды.
Бенде болдым мұндай күймен,
Неке оқытып мені сүйген,
Гүлғасылдай жарым қалды.
Қызын беріп рұқсат берген ерік,
Ерғалидай атам қалды.

Қазақ тауынан өте айдап бара жатқанда елге, жерге қош айтып айтқаны:

Тағы оқыңыз