Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының көрде туғаны (3-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Ол Күләйім мұны естіп жылады,
Басы айналып, есі кетіп құлады.
Біраз жатып ақыл-есін жиған соң,
Бабалымен мола жаққа шығады.

Ай батқан соң шықты екеуі далаға,
Кідірместен тура келді молаға.
Көрдің іші шам жаққандай раушан,
Жаратқанға шәк келтіріп бола ма?!

Құлағың сал бұл сөзімнің күшіне,
Бейсенбінің келген екен кешіне.
Ала бүркіт, аш арыстан секілді
Анасының жатыр екен төсінде.

Қалыбында жатыр екен анасы,
Тіріліктей бұзылған жоқ тәнесі.
Сол уақытта бір топ адам кез келді,
Бұлар қашып жатты анадай арасы.
Қырық шақты адам сәлдесі бар басында
Тізе бүкті ол қабірдің қасында.
Бала шығып сәлем беріп, қол алды,
Данышпандық ақыл берген жас ұлға.

Тыңлағанға әрбір сөзім келісті,
Келіспесе кім тыңлайды терісті.
Өрік, мейіз, құрма және әр түрлі
Беріп жатыр бұл балаға жемісті.

Көріп тұрды Күләйім мен Бабалы,
Шілтен екен бұл адамның тамамы.
Бір бұл емес, қай уақытта түн болса,
Сылап-сипап қайтады екен баланы.

«Әумин!» деп қол көтерді дұғаға,
«Көрұғлымды тапсырдым,—деп,—Құдаға».
Таң атпай-ақ ғайып болып жөнелді,
Ақиқаттан ғайыпты пірлер тұра ма.

Үйге қайтты Бабалы мен Күләйім,
«Біз мұңлыққа жар бола көр, Құдайым.
Қалай етсек ұстаймыз,—деп,—баланы»,
Бұрынғыдан қатты болды уайым.

Көп әлеумет, бұл сөзімнің сәл міні,
Шекер-балдай боп сөзімнің әрбірі.
Сырттан тұрып ұстай алмай Бабалы,
Әлек болып бірнеше күн аңлиды.

Ұзамады әгар шықса алысқа,
Бабаң дағы тырысып жүр намысқа.
Ұмтылғанда көрге еніп кетеді,
Жаяу түгіл, аттан озад жарысса.

Бұл қабірге кірейін десе аузы тар,
Көрге кіріп алатұғын қандай нар?!
Құса болып зағыпырандай сарғайып,
Күләйімге Бабаң келіп етті зар.
—Мендей ұғылың қаза жетіп өлмейді,
Тілегімді Жаратқаным бермейді.
Қапа болып қасіретінен қартайдым,
Ұстай алмай шерменде болдым мен,—дейді.

Мұңлы болған Күләйім
Мұны естіп жылады.
Перзент пен ерден айырылған,
Жыламай нағып тынады:
—Жалғыздық жапа тартқызды
Ағайынның жырағы.
Жайымды айтып жалынсам,
Дұшманнан сағым сынады.
Біздей ғаріп пенденің
Болмады қабыл мұраты.
Бір Аллаға жад етіп
Түнімен жылап шығады.

Түн ортасы өткенде,
Таңға жақын жеткенде,
Көзі ұйқыға кеткенде,
Түсінде аян береді:

—Көтер, балам, басыңды,
Көзіңнен тый жасыңды.
Өлген қозың тірілді,
Тірілгені емес пе,
Енді бақытың ашылды.
Жалғыз да болса мыңмен тең,
Көр ішінде туғызды
Көрұғлыдай асылды.
Өзінен даңқы зор болып,
Дұшманға даңқы шашылды.
Жалған деп білме сен мұны,
Сіз түгіл, берген Жаратқан
Халқыңа бүкіл белгіні,
Жаһаннан асқан ерлігі.
Балаңа жолдас боламыз,
Қысылған жерде сүйейтін
Пірлеріміз белгілі.
Арыстандай айбатты,
Қатардан артық қайратты,
Баланың атын біз қойдық,
Көрден шыққан Көрұғлы.

Ер жеткен соң қолға ұстайды найзасын,
Кегіңді алад, тигізеді пайдасын.
Ей, Күләйім, қапа болып жылама,
Ұстайтұғын біз айтайық хайласын.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз