Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Көрұғлының көрде туғаны (1-бөлім)

Көрұғлы · Р. Мәзқожаев нұсқасы · 2 мин оқу

Екінші саласынан бұл кеңесім,
Баяндап білдірейін сөз егесін.
Сейілден Нақып жырау алған екен
Раушан мен Көрұғлының әңгімесін.

Нақыптан алдым мұны жазып мен де,
Жад алып жырлап бердім әрбір жерге.
Баспаған бұл тарауы, басылмаған,
Қолжазба келе жатқан бірден-бірге.
Сыр етіп ішке сақтап жүрмейін деп,
Жарыққа шығарғаным алып тілге.
Айтамын жауда қалған Күләйімнен,
Азарды берген Шағдат ғаріптерге.

Ақанай мен кейін қалған Күләйім,
Бабалының көңілінде көп уайым.
Дұшмандарда қалып зар жылап,
Соларды айтпай қалай шыдап тұрайын.

Ғаріптіктен шекті бұлар аһ-уһ-ай,
Қайғыменен өтті күндер бірталай.
Екі батыр елін іздеп қашқанда
Жүкті болып қалған екен Ақанай.

Жүкті болып туарына таянды,
Ұзақ өмір болмады бұған баянды.
Бір күн ұйықтап жатыр еді Ақанай,
Пірлері кеп түсінде берді аянды.
—Бізді білсең Қауыс-Қияс, қырық шілтен,
Құлағың сал, сөз айтамын енді мен.
Тағдыр бітіп, ажал уақытың таянды,
Бұл дүниеде көп тұрмайсың, балам, сен.

Жолдас ғой деп ойлама
Опасыз жалған дүниені.
Сүректі демі таусылса,
Кім табады шараны.
Тағдырдағы жазылмыш,
Өмірі бітсе тамамы.
Тоғыз ай он күн өткенде,
Күн бесінге жеткенде
Көр ішінде туасың
Ішіңдегі баланы.
Құдіретімен Жаратқан
Емшегіңнен сүт шығып,
Сонан қорек алады.
Тумастан бұрын жайылған
Қызылбасқа хабары.
Көрұғлы батыр атанып,
Пірлерінен бата алып,
Дұшманға ұрыс салады.

Шілтендер мұны айтып кетіп қалды,
Ақанай көп күн жүрмей сырқаттанды.
Сүректі тағдырдағы уақыты жетіп,
Бір күні ажал жетіп қазаланды.

Лақатқа Ақанайды қойды апарып,
Күләйім естен танды мұңлы ғаріп.
Саламат көр ішінде туды бала,
Сақтады құдіретімен Жаппар Халық.

Шілтендер алды орап келе сала,
Емізді ауызына салып мама.
Сүт шығып қурап қалған қу емшектен,
Бұзылмай бір қалыпты жатты тәні.
Емшектен шыққан сүті татиды бал,
Бабалы білмейд мұны, баққаны мал.
Пірлері жеміс беріп баға берді,
Берген соң мұндай қорек Хақ Зұлжалал.

Пірлері қойды тесік жатқан көрге,
Айып іс Хақ ісіне «пәлен» дерге.
Баланың көрге барып атын қой деп,
Жаратқан бұйрық берді шілтендерге.

Балаға жеміс берді шілтендер кеп,
Құрметтеп бағып жатыр осынша көп.
Кеңесіп ақылдасып бірлікпенен,
Баланың атын қойды Көрұғлы деп.

Баланы қырық шілтен таза күтті,
Бала үшін етіп жатыр көп қызметті.
Есі еніп, күннен-күнге аяқ басып,
Далаға кіріп-шығып жүріп кетті.

Күләйім жылап жүрді мұңлы ғаріп,
Бабалы жүре берді жылқы бағып.
Бір күні Көрұғлыға кездесіпті
Молаға жақынырақ келіп қалып.

Бір жылқы Толыбайдан қалған еді,
Бұрыннан Ғаждам сатып алған еді.
Тұлпардың нәсілінен болған жануар,
Жылқының бәріне бас болған еді.

Жануар өсіп-өніп көп болыпты,
Бабалы көп жылқыға кеп қосыпты.
Таң атып боз биені түстеп жоқтап,
Қайғысы Бабалының шоқ болыпты.

Көрұғлы

Барлығы: 133 жыр

Тағы оқыңыз