Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ертедегі Шора батыр (1-бөлім)

Шора · Мұсабай жыршы нұсқасы · 4 мин оқу

Бұрынғы өткен заманда Аққамыста Шорахан жер екен. Сол жерлердің ішінде Кеуісұлы тама деген ел екен. Ындыстанлы ханы екен. Түрікпенмен жау екен. Түрікпен ханы Ақтайша деген хан екен. Ақтайшаның қасында Әліби деген би екен. Екеуі бірге таманы жаулап жүр екен. Ақтайша, Әлібидің жерін тартып алған соң, тар жер болып қалған соң Қазан қаласына қашып барады. Сонан орын алады. Сол көшкен тамаға жете алмай, бір тоғыз үй айрылып қалады. Тоғыз үйді Ақтайша көшіріп қасына алады. Ай басы сайын тоғыз үйге алпыс теңге салады. Сондай шығын алады. Ханнан қорлық көреді. Ақшасы жоқ жарлының жалғыз баласын ақшаға сатып береді. Ақтайша малын бақтырады. Тоғыз үйлі тамаға қаланың шығынын тарттырады.

Марықбай деген бай еді, әр түлікке, малға сай еді. Сонша дәулет бітсе де, бір балаға зар еді. Марықбайдың әйелі Гүлқаныс деген бәйбіше жасы алпысқа келгенше перзент көрмей жүр еді. Жаңа бір күн болғанда, таң сарғайып атқанда ерте тұрады.

Гүлқаныс солай сөйлейді
Бәйбішенің айтқан сөзі.
Сол уақытта Марықбай,
Гүлқаныстың айтқан сөз
Әулиедей көреді,
Жығылып қол береді.
Сол уақытта Марықбай
Алтын жүген қолына алып,
Азанымен оянып,
Тұрып жатқан жылқыға
«Құрайт» келіп салады.
Ұйысып жатқан жылқының,
Бір шетінен көреді.
«Құрайт» деген дауысы
Марықбайдың Тарлан ат[ының]
Құлағына тиеді,
Тарыққанын біледі.
Аузын ашып кісінеп,
Алдынан шауып келеді,
Ерлеп атқа мінеді.
Гүлқаныс жатқан ордаға
Қонаға қайтып келеді.
Бәйбішесі көсіліп
Бұл күні үйде жатады.

Таң сарғайып атқанда,
Күннің көзі шыққанда,
Гүлқаныс атты әйелін
Желмаяға мінгізіп,
Алтын құмған қолға алып,
Марықбай мінді көк атқа.
Аттың басын қаратты,
Қамшыға етін таратты.
Марықбай атты «шу» дейді,
Табаны жерге тимейді.
Соққан желдей гулейді,
Құлақтың түбі терлейді,
Басына әлі келмейді,
Әр төбенің басында,
Зорға басын билейді.
Алпыс аршын бой жазып,
Созылып тұлпар жөнейді.
Бәйбіше мінген желмая
Тұлпарға жол да бермейді,
Табандай жолға таласып,
Ұшқан құспен жарысып.
Қатар ұшқан қаз-тырна
Екі бірдей жүйріктің
Тозаңынан адасып.
Марықбай мінген Тарлан ат
Шабысқа шабыс қосады.
Әр төбенің басында
Топталып қаз бен тырна
Көтеріліп ұшқанша,
Белінен кесе басады.
Арада алты қонады,
Жетінші күн болғанда
Бетегелі, жері жазық,
Сол уақытта кемпір-шал
«Алла» деп тілек тіледі.
Бір көзінен жас ағып,
Бір көзінен қан ағып,
Бәйбіше жылап тұрғанда,
Түн ортасы болғанда,
Шар кітабы қойнында,
—Ай, балам-ай, балам-ай!
Сөз айтайын саған-ай,
Не тілеп тұрған баламсың,
Білдір жөнің маған-ай,
Жол сілтейін саған-ай.
Сонда бәйбіше сөйлейді:
—Атеке, шықтым елімнен
Бір перзент кемінен.
Марықбай көр өзінен
Жуық ара шенінен,
Малдың шетін жимайын.
Кісі айтқаны келмейді,
Жалғыз бала бер,—дейді,
Есіркесең жолдасын
Оны өзің біл,—дейді.
—Олай болса, бәйбіше,
Жолдасымен бердім,—деп,
Ғайып болып жөнейді.

Бәйбіше сонда қуанып,
Шәй құмғанын қолға алып,
Тарлан атты ерлейді.
«Алла бала берді,—деп,
Көздің жасын көрді,—деп,
Ұйықтап жатқан Марыққа,
Атыңа мінсең кел»,—дейді.
Екеуі атқа мінеді,
Кейін қалған ордаға
Қуанып қайта жүреді.
Алты күнде келген жеріне
Екі күнде келеді,
Елінде қалған үйіне
Екеуі келіп енеді.
Үйіне келіп қонады,
Таң сарғайып атқанда,
Жылап жүрген бәйбіше
Іші нұрға толады,
Әйел жерік болады.
Марықбайға сөйлейді,
Әділдің Қара тауында
Алты басты айдары
Жүргенше жер еді.
Соны алып келіп бермесе,
Алпыс жасар Марықбайдың
Өзі[н] итше жарады.
Сол уақытта Марықбай
Тарлан атқа мінеді,
Алладан тілек тіледі.
Алпыс асау ат алады,
Алпыс тілді қармақты
Жан қалтаға салады.
Әділдің Қара тауына
Марықбай кетіп барады.
Ертеңі талма тал түсте
Әділдің Қара тауына
Марықбай жетіп келеді.
Алты басты айдары
Ұйықтап жатқан-ды.
Аузынан шыққан ақ көбік
Ақ отаудай көрінді.
Айдарының қасына
Қорықпай шауып барады.
Алпыс тілді қармақты
Алпыс бірдей асаудың
Жүніне шапшаң салады.
Сексен аршын бауына
Жібекпен арқан тағады.
Қайта шығып Марықбай
Аулаққа бұны салады.
Айдары сонда оянып,
Алпыс асауды, алпыс тілді қармақты
Бәрін бірдей сапырып,
Аузына қағып салады,
Аузына жұғын болмай барады.
Алпыс тілді қан қармақ
Сол уақытта айдары
Таңдайында қалады.
Сол мезгілде айдары
Өкіріп барып құлады.
Айдарының зәріне
Құланданып күн күйді,
Айқышталып ай күйді,
Әуедегі қара аспан
Майысып жерге бір тиді.
Марықбай сонда көреді,
Қуанып атқа мінеді,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қорықпай шауып келеді.
Марықбай мінген Тарлан ат
Тұла бойы тітіреп,
Қан қызыл, қара қан сиді,
Кісінеп қарап тұрады.
Марықбай сынды байыңыз
Аттан түсе жүгіріп,
Ақбалдақ қылыш қолға алып,
Қасына жаяу келеді.
Алты басты айдарды
Алты жерден бөледі.
Алты қап етін Марықбай
Тарлан атқа артады.
Аттың басын жетектеп,
Ауылға қарап қайтады.
Тоғыз үйлі тамаға,
Елдің бәрі жатқанда,
Гүлқаныс жатқан ордаға
Қуанып жетіп келеді.
Отыр екен бәйбіше
«Қай уақытта келер,—деп,
Қашан алып келіп, берер»,—деп.
Шамшырағын жағыпты,
Марықбай сонда жуыпты,
Алты қап етті алады,
Тайқазанға салады.
Алты қап етті тауысып,
Жерігі әзер қанады.
Бесінші айдың жүзінде
Әйелі құлын бермейді.
Тоғыз айға толғанда,
Ішінде жатқан баласы
Ішіне сыймай кернейді,
Он екі айда толғатты,
Бір ұл менен қыз табады.
Құдай берді Марыққа
Таудай қылып бір бақты.
Егіз бала туған соң,
Ақтайша ханнан қорыққаннан,
Сұраусыз атын қоя алмай,
Биліксіз тойын қыла алмай,
Марықбай аздығынан зар қақты.
Тамаменен келісіп,
Бәйбішемен сөйлесіп,
Сәрсенбі күні сәскеде
Мал алып келіп сояды,
Су сақтаған салаға.
«Ақтайша мұнда келсін,—деп,
Әлі бірге келсін,—деп,
От басары отаудай,
Менен бедеу мінсін,—деп,
Қалағанын кисін,—деп,
Не қылса өзі білсін»,—деп,
Қорыққаннан хабар береді
Ханның жатқан қалаға.

Тағы оқыңыз