Едіге жыр (5-бөлім)
Едіге · Ш. Уәлиханов нұсқасы · 4 мин оқу
Сәтемір хан қол берсе,
Алда тағалам жол берсе,
Қырқада біткен қырық адыр
Қырық басып жүрер-ді боғай құбаша ұғыл.
Қырық күншілік шөліңе
Айдынды бұлақ салар-ды боғай құбаша ұғыл.
Бұт сауырлы күреңше ат
Бұтқа тартып мінер-ді боғай құбаша ұғыл.
Екі түгей торыша ат,
Ылауға жайдақ алар-ды боғай құбаша ұғыл.
Алағаншық күндей боп,
Сенің алды-артыңдан шығар-ды боғай құбаша ұғыл.
Ноғайлының ауыр жұрт,
Жаяу жатқан қайран жұрт
Аш күзендей бүгіліп,
Аш бөрідей шүйіліп,
Шетіңнен қиқулап,
Ащы да сүрен салар-ды боғай құбаша ұғыл.
Есілдің екі жағы қызыл жар,
Аспадан суыт салар-ды боғай құбаша ұғыл.
Ертістің басы қара дөң,
Екі арасын қуыр-ды боғай құбаша ұғыл.
Алтыннан соққан ақ орданың
Күмістен соққан ақ есік,
Түсі суық шың болат,
Ұшыменен ашар-ды құбаша ұғыл.
Төрге төсек салар-ды боғай құбаша ұғыл.
Төс арсынды сұлуыңды
Аямай төс астына алар-ды боғай құбаша ұғыл.
Керегіңді кертер-ді боғай құбаша ұғыл.
Туырлығың тілер ол,
Тіліп тоқым қылар ол.
Тоқсан басты ақ орда
Тонамай ие болар-ды боғай құбаша ұғыл.
Торылы жылқы тобышақ
Топтап жиып алар-ды боғай құбаша ұғыл.
Қанікейдей көріктіні,
Тінікейдей тектіні
Ат көтіне міндіріп,
Ат иіндігін солдырып,
Тегіннен-тегін олжа қылар-ды боғай құбаша ұғыл.
Сонау бір жалғыз әлі кеткен жоқ,
Еділден әрі өткен жоқ,
Мына бір тоғыз ерді жібер де,
Алдап-сулап қасыңа ал,
Қасыңа ал да, басын ал!
Есен-аман кетсе сол,
Еділден арман өтсе сол,
Сәтемір ханға жетсе сол,
Осы өшін, сірә да,
Сенен алмай қалмас-ты боғай құбаша ұғыл!—деп жағы түсіп өлді.
Және Тоқтамыс айтты тоғыз ерге:
—Әй, тоғыз ер, тоғыз ер,
Сен тоғызың бара көр.
Алдап-сулап Едігені қасыңа ала көр,
Алдап-сулап қасыңа ал,
Қасыңа ал да, басын ал!
Тоғыз ер кетті зарланып,
«Бір Алла» деп алданып.
Еділдің бойына барған-ды. Едіге олтыр. «Бір Алла» деп жалбарынып, тоғыз ер жетіп барған соң, Едігенің қасына барып жетпеді. Бір кісіден сол қорқып, сөйлесерге қорықпады. Едіге жалғыз отырып, қасқайып тоғызындан қорықпады. Төртеуі бір-біріне өтілді, «Едігеге сөйлес» деп. Ең соңында Кеңестің Кеңжанбайы сөйледі:
—Әй, Едіге, сен енді қайт-сана,
Қайтып Еділ өт-сана!
Еңсесі биік боз орда,
Еңкейіп сәлем бер-сана!
Ерні жұқа сары-аяқ
Хан сарқытын іш-сана!
Жауырындары жақталы,
Түйме бауы тартпалы
Үстіңе ал қара кіс тон береді, ки-сана!
Көкала жорға ат мініп,
Көн дабылпаз байланып,
Ұшан теңізді айланып,
Тұтам бауы сом алтын
Ақ сұңқар құс береді,
Көк айлана шүй-сана!
Арбаң да арбаң жүгіріп,
Адымын жерде қуыртып,
Арғымақ ат береді,
Салтанатқа іл-сана!
Құлағын біздей қадаған,
Кекілін қыздай тараған,
Жүргенде ізін санаған,
Бауырынан тарту жараған,
Қысыр жылан өзекті,
Қолтырауындай танауды,
Сапты аяқтай ерінді,
Сарымсақтай азуды,
От орындай тұяқты,
Қиған қамыс құлақты,
Табаны жалпақ тарлан боз
Ат береді, мін-сана!
Саған байтал бөліп береді,
Байлап қымыз іш-сана!
Байтақ бөліп береді,
Падышалық сүр-сана!
Алғаның Әл-Омар ханның қызы еді,
Айтулының өзі еді.
Оймақтың үзілді,
Сағынды да сарғайды,
Салқын түспей бар-сана!
Ібін-сібін екі нақ
Сыбырласып сөйлесіп,
Сыңқылдасып күлісіп,
Жең ұшынан жалғасып,
Ши түбінде сырласып,
Не дегенін біл-сана!
Тоқтамыстай хан иең
Саған өкпе қылады,
Өкпе пәни сөзіңді
Арыз қылып, өз аузыңнан айт-сана!
Кел, Едіге, енді райдан қайт-сана!
—Мен қайтпан-ды, қайтпан-ды,
Қайтып Еділ өтпен-ді.
Еңсегей биік боз орда
Еңкейіп сәлем бермен-ді,
Еңсеме емен болат шоқпар тиген-ді.
Ерні жұқа сары аяқ
Хан сарқытын ішпен-ді.
Ернім желге бұлғанды,
Жауырындары жақталы,
Түйме бауы тартпалы
Тон берсең де, кимен-ді.
Иініме ноғайдың
Жалғыз қотыр ұшығып шыққан-ды
Көк ала жорға ат мініп,
Көн дабылпаз байланып,
Ұшан теңізді айланып,
Тұтам бауы сом алтын
Ақсұңқар құс берсең де,
Көл айлана шүйе алман-ды
Қолымнан құт кеткен-ді.
Арбаң да арбаң жүгіртіп,
Адымын жерде қуыртып,
Арғымақ ат берсең де,
Салтанат қылып ілсем де,
Салтанат бізден кеткен-ді.
Құлағын біздей қадаған,
Кекілін қыздай тараған,
Жүргенде ізін санаған,
Бауырындан тартып жараған,
Қысыр жылан өзекті,
Қолтырауындай танаулы,
Саптыаяқтай ерінді,
Сарымсақтай азулы,
От орнындай тұяқты,
Қиған қамыс құлақты
Ат берсең де, міне алман,
Ауымнан құт кеткен-ді.
Байтал бөліп сен берсең,
Байлап қымыз іше алман,
Алда өзіме бермесе.
Байтақ бөліп сен берсең,
Сағынбақтан сарғайсын,
Салқын түспей барман-ды.
Ібін-сібін екі нақ
Сыбырласып сөйлесіп,
Сыңқылдасып күлісіп,
Ши түбінде сырласып,
Жең ұшында жалғасып,
Мен не дегенін білмен-ді,
Құлағым саңырау болған-ды.
Сенің тексіз иең Тоқтамыс
Енді еңкейіп барман-ды.
Менің өкпе пәни сөзімді
Көкте оғым аралап айтпаса,
Сірә, аузымнан айтпан-ды!
Еркек болып атқа мінген соң,
Бір жол алып жүрген соң,
Мен қатын да болып қайтпан-ды!
Мен салпаң-салпаң жортармын,
Сары азбанға қосым тартармын.
Мен ұшайын десем, қанат жоқ,
Қонайын десем, құйрық жоқ.
Әй, жалғыздық, қайтермін,
Сұм жалғыздық қайтермін?!
Жалғыз да болсам кетермін,
Сәтемір ханға жетермін.
Қырқада біткен қырық адыр
Қырық басып жүрмесем.
Қырық күншілік шөліңе
Айдынды бұлақ салмасам.