Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Едіге жыр (12-бөлім)

Едіге · Ш. Уәлиханов нұсқасы · 1 мин оқу

Қалған-құтқан ел болып,
Қадірберді сұлтан хан болып,
Қулықтан бір туған құлаша
Құлын да емді, тайда емді.
Құнанында арда емді,
Дөненінде үйретті,
Бестіде жібек арқан сүйретті.
Алтысында адуын ат болды,
Жетісінде желкілдетіп толды.
Сегізінде серіппей құлан атты,
Тоғыз жаста толысты.
Он жасына жеткенде сұр құндыздай оңғысты,
Он бір жасқа келгенде, оқ жыландай қарғысты.
Қадірберді сұлтан садағын сала байланды,
«Жұртқа құрбан боламын» деп,
Жұртын үш мәрте айланды.
Ақылын ішіне сақтап кізінейді,
Құлашаға мініп ап, жұртқа сырын айтпайды.
Едігені іздейді.

Тал түсте ел шетіне келіп кірді.—Едігенің ордасы қайсы?— деп сұрады. Бір адам Едігенің үйін «Анау»,—деп көрсетті. Құлашамен желіп келіп түсті. Үйге еніп кіріп, төрде жатқан Елігенің кеудесіне мінді.—Кімсің кеудеме мінген?—деп сұрады.—Төбедегі төрт жұлдыз таң ату күнде, төбел торы ат құйрығы төрт шалуға келді. Қалған-құтқан ел болып, Қадірберді сұлтан хан болып, әуелгідей біздің жұрт туы желкілдетіп шықты. Шүйделі балта қолға алып, төрде олтырған төбеншік көзді Едігенің шүйдіне бір мініп, бізге туған осы күн саған дағы бір туып, шүйдеге төпелер күндер туды. Кеудесіне мінді де, үш секіріп:—Ер болсаң өлерсің, жаман болсаң жүрерсің,—деп шығып кетті. Мұндан соң аталы-балалы екеуі құсаменен өлді. Қадірберді сұлтан қайтып келіп, жұртына төре болды, өмірін кешіріп қалды.

Тағы оқыңыз