Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Едіге жыр (10-бөлім)

Едіге · Ш. Уәлиханов нұсқасы · 3 мин оқу

деп жолаушылап кетті.

Сусады бара жатып. Бір кемпірден бір аяқ сұрап ішті. Бара жатып алқынды. Тоғыз көзді кіреукені шешіп алып бөктерді. Қанжығасындан босанып, түсіп қалды. Со барғаннан Телі көлге барды. Андан қорқып, Көкүлдінің көлін басып барып жатты. Андан соң Едіге қызының біреуін алды, енді біреуін баласы Нұралыға бермек болып қойды. Аның үшін Тоқтамыс ханды іздемек болды.—Әй, балам, маған қырық ерден бата тигенді, іздесең табарсың,—деді,—Тауып, Тоқтамыстың басын аларсың,—деді. Кеңестің Кенжанбайы қай жағыңнан жолығар екен?—деді. Саған бір жағыңнан жолығар,—деді. Егер жан үшін жалынып сөз айтса, басын ал, өзіңменен қарсыласып сөз айтса, бір ерді тимегейсің.—Бұл қызды сақтап қой,—деп, Нұралын жөнелді. Хан Тоқтамыс ас сұрап ішкен кемпірден, Нұралын да ас сұрап ішіп, бара жатып, тоғыз көзді кіреукені тауып алып, үстіне киіп алып, іздеп келді.

Көкүлдінің көлінде жатқанда Тоқтамыс ханның жүрегі дүрсілдейді, найзасы солқылдайды. Көкорай жапырылады. Су толықсиды. Қызғыш тептеп шығады. Соның бәрісінен қорықты. Зарланып жылады:

—Сен бекер тұрып тықырамашы, торыша ат,
Мен күн-түн қатсам тұрарсың.
Бекер тұрып дүрсілдеме, сұм жүрек,
Едіге де екеу, мен жалғыз.
Сайысқан жерде тынарсың,
Солқылдама, ақ найза,
Сайысқан жерде сынарсың.
Бекер тұрып жапырылма, көкорай,
Бұ қатерден жан қалса,
Ноғайлының ауыр жұрт,
Басшы болып мен келсем.
Байларым үстінден баса бір айдап жайғанда
Қу шөп болып соларсың.
Толықсыма, тұнық су,
Байларым жылқыны баса айдап, бір суарса,
Сонда құрдым бір батпақ боларсың.
Қиқулама, қызғыш құс,
Даусың зарлы байғұс құс,
Қанатың қушық, мойның бос сенің.
Баттауық толған жылқым жоқ,
Тор толған жұмыртқаң,
Етектеп алар ұлым жоқ.
Мен елімден айырылдым,
Сен көліңден айырылсаң,
Сен де мендей боларсың!
Бұл қатерден жан қалса,
Алдам иер ес болса,
Жұртыма басшы болып мен келсем,
Менің мініскерлерім үстіңден
Қара лашынды басып салса,
Сонда бір қорқып жымарсың!

Қызғыштың тиіп шығып тұрған жеріне Нұралын жетіп келсе, хан орындан түрегелді. Бір-біріне сәлем беріп, Нұралын айтты ханға:—Ат!—деп.—Жоқ, сен ат,—деді. Хан үш мәрте атты. Өзінің жоғалтқан тоғыз көзді кіреукесінден өтпеді.—Өз құраныма жолықтым,—деп, басын сұна берді. Нұралын басын кесіп алып, қанжығасына байлап, желіп жүре берді. Көрініп тұрған бір бәйтерекке түстенерге жетіп барды. Терек саясында бір адам қара арғымақты кесе қаңтарып, ұйықтап жатыр. Өлтіруге ойлады. «Ұйықтағанды өлтірген қатын ісі»,—деп оятты. Адам сарнай түрегелді де айтты:

—Әй Нұралын, Нұралын,
Еш бермесін мұрадың.
Тоғыз көзді кіреукем,
Аны неттің Нұралын?
Сауырғы бие сүті еді,
Байсалды жұртқа құт еді.
Тоқтамыстай хан ием,
Аны неттің Нұралын?
Және Нұралын айтты:
—Тоқпақ жалды торыны
Тонаған жерде мінгенмін.
Тоғыз көзді кіреукең
Өлтірген жерде кигенмін.
Сауырғы бие сүт болса,
Байсалды жұртқа құт болса,
Телі көлде ізін шығарып алғанмын.
Көкүлдінің көлінде
Баса барып жеткенмін,
Теңкейтіп басын алғанмын!
—Әй Нұралын, Нұралын,
Еш бермесін мұрадың!
Төбеге шыққан төртеуге
Төре берер күндер тумай ма?
Арқада тұрған алтауға
Аға болар күндер тумай ма?
Арқада тұрған ала тау
Ер артылар күндер тумай ма?
Төбедегі төрт жұлдыз
Таң атар күндер тумай ма?
Төбел торы ат құйрығы
Төрт шалуға келмей ме?
Қалған-құтқан ел болып,
Қадірберді сұлтан хан болып,
Бұрынғыдай ел болып,
Ту желкілдеп шықпай ма?
Бізге туған осы күн
Саған дағы бір туып,
Шүйделі балта қолға алып,
Шүйдесіне бір мініп,
Сенің тұмәншік көзді бабаңның
Төпелер күндер туар ма?.

Тағы оқыңыз