Орта жүздің алты тайпасының шығуы туралы (І нұсқа)
Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу
Жанарыстың екі қатыны болыпты. Оның бір де біреуінің пұшпағы қанамай, «қайран жас иісті баланы-ай!» деп зарығып, қамығып жүрген кезінде ойламаған жерден алты қожа келіп, қона қалады.
—Аттарыңды тынықтырып, осы қойлардың етін жеп, тауыспай жібермеймін!—дейді. Сонда қожалар мұның шынымен құлап, ықылас қылғанына риза болып:
—Осы алтауымыздың атымызды бердік, алты ұлға ата боласың!—деп баталарын беріпті. Олардың аттары: Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа, Есімқұлқожа, Қосымқожа екен.
Содан Жанарыстың қатындарының аяғы ауыр бола бастап, бәйбішеден төртеу, тоқалдан екеу туыпты. Алтауына алты қожаның аты қойылыпты.
Бәйбішеден туған төрт ұлға—Қарақожа, Аққожа, Ақтамбердіқожа, Дарақожа деп қояды. Қарақожадан—Арғын, Аққожадан—Найман, Ақтамбердіқожадан—Қыпшақ, Дарақожадан—Қоңырат, тоқалдан туған Есімқұлқожа мен Қосымқожадан Керей мен Уақ тарайды.