Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Арғынның Алтайы, Мойын, Кенжеқара рулары (І нұсқа) (3-бөлім)

Шежірелік аңыздар · 3 мин оқу

—Әке, немене күн жаумай салбырап, осыншама жүдеп, ас ішпей, дым сызбай қара ағаштай қатып қалғаның?—деп, көзінің жасын мөлт-мөлт төгіп, жылап қоя берді дейді. Қызының жасын көріп бай да еңкілдеп, өксігін баса алмай:

—Қарағым-ай, көппен көрген ұлы той емес пе, елден-жұрттан артықпын ба? «Байдың малы бық-бырт тауыпты, Алтай өліпті»,—деген хабарды естісем, көңілім жай табар еді де. Алтайдың өлі-тірісін біле алмағандық қой маған батып жатқан,— дегенде, қыз:

—Әке, сүйінші!—депті.

—Көз ұшында бір қос атты көрінеді, атқа отырысы Алтай ағам сықылды. Астына мінгені де қара, жетегіндегі ат—мен көшке мінетұғын қара жорға атым, білемін,—депті.

Байдың жүрегі аз-ақ жарылмай қапты.

—Қап, балам, менің көзім қасымда тұрған үйдің де қаралдысын көрмей тұр, айтқаның шын болып, ол—Алтай болса, сүйіншісіне сені бердім Алтайға,—депті.

Бұла да көз айырмай телміріп қарап тұрыпты. Айтқанындай-ақ Алтай екен. Пұшпағынан бастырып, қашаған ұстайтұғын қара айғырды мініп, Байбикенің қара жорғасын жетектеп, бір қара сүйретпе қымызды артына бөктеріп келіп, түсіп жатқанда:

—Малың аман ба?—дегенде:

—Барған жерінде боғы қалды, тышқан боғынан басқа шығын жоқ,—депті.

—Үш түлік малдың ортасында жалғыздық көріп, сасқан жерің болды ма?—дегенде:

—Болды, неге болмасын. Жалғыздық бір Құдайдан басқаға жараспаған қылық қой, барған жерімде жылқының қонысы басқа, түйе, сиырдың қонысы басқа болды. Түйе мен сиырды бір қопаның ішіне тастап, күнде бір көріп қатынап тұрушы едім, бір күн жылқыдан босана алмай, түйе мен сиырға бұрылуға мұрша келмегендіктен мезгілін асытып барсам, бір інген түйе жабуының баурын тартып байлаған жібіне артқы аяғы ілініп қалып, енді болмаса үйелеп, өлуге қалған екен. Үстінен шығып көргендігім себеп болып, өлуден аман қалды. Ұры мен бөрінің өзін түгіл ізін де көргенім жоқ, айғырдан қысыр қалғаны болмаса, басқа жері түгел, бір малдың да мұрны қанаған жоқ,— депті.

Піспек байдың қуанышы қойнына сыймай: «Мұның былтырдан бергі жалғыздығы да жетерлік болды, енді мұны бір түн жалғыз жатқызбаймын»,—деп, Байбикені қойнына салыпты. Сол Байбикеден туған Алсай, ол Байбике өлген соң балдызы Аққоянды беріп, онан туған балалар: Әліке, Байдалы, Сайдалы. Ол өлген соң үшінші қызын және беріп, бұл—кіші тоқал атанып, мұнан туған бала—Мойын. «Мойын болмай, ойын болмас» аталған Мойын—осы...

Алтайдың жеңгелей алған қатынынан туған—Нұрбай. Алтайдың ақ сауыты Нұрбайда қалған. Жауға түсіп кеткен жерінен, Нұрбай өзі жанынан кешіп, қызыл қанды су орнына ішіп, батырлық қылып барып алып келгендігінен, ол сауыттың аты «шөжекөз» еді, сонан әлі Нұрбайдың ұраны—«Шөжекөз».

Бұрынғы айтады екен:

Арғын болсаң, Алтай бол,
Алшын болсаң, Адай бол!
Үйсін болсаң,
Сиқым, Жаныс, Ботпай бол!
Найман болсаң,
Қаракерей, Матай бол!
Өзгең қалай болсаң, солай бол!—
деген екен. «Тышқанның да сауыры болады» деген сөз бар, сонда Алтай—Арғынның сауыры.

...Арғын бабамыздың 106 жасында алған Айнакөз дейтұғын тоқалынан—Танбыс сопы, бұл Танбыс сопыдан: Үсенбай, Елемес. Елеместен—Ерман, бұл Ерманнан: Шағыр, Бөрлітік. Шағырдан: Ақай, Жолдыбай, Тағашы, Аманжол, Сомжүрек. Бөлтіріктен: Сырлыбай, Сары. Үсенбайдан—Қарамерген, мұнан—Байташы. Аманжолдан—Көшей, бұл Көшейден— Шақшақ батыр. «Шар жетім Шақшақ» атанған Шақшақ— осы. Ақташы, Байташы, Бұғышы, Тағашы—«Шар жетім» атанатұғын солар. Бұл Айнакөзден тарағанды «Тоқал арғын» деп атайды, «Жоғарғы шекті», «Төменгі шекті» деп екі руға бөлінеді. Таңбалары—Арғынның дөңгелек таңбасы. Жоғарғы шекті сабағын жоғары қаратады, Төменгі шекті сабағын төмен қаратады.

Шежірелік аңыздар

Барлығы: 341 аңыз

Тағы оқыңыз