Қара қожа
Шежірелік аңыздар · 1 мин оқу
Күлік қожа диуана болған. Мәжзуп қатын-баласыз, үйсіз-күйсіз, тажародлік һалатта харабатлардан болған. Заманындағы адамлар таһирәулиешілігін көрген. Мұның заманында «Шоң бидің Қарақожасы» деген әулие өткен.
Сол Қарақожаның бибісі (бәйбішесі) пұшпағы қанамай, перзент көтермей кешіккен. Жаздың күнінде Қарақожаның бибісі құрт қайнатып, бір ошаққа құрты қойылған соң қазаннан түсіріп, өзі шаршап, сілесі қатып, шалқасынан жата қалыпты. Ұйықтап, қата қалыпты.
Күлік диуана шап беріп, үстіне мініп алып, бетінен бір сүйгенде, қатын бар күшімен шалқасынан итеріп, теуіп жібергенде, диуана жер ошаққа жығылып, үсті күйіп, көлге қарай жүгіріп, ит қуып, азан-қазан суға барып түсіп, жаны қалыпты. Артынан Қарақожа естіп, қатынына ұрсыпты:
Айтқанындай, бір бала тауыпты да тұрып қалыпты. Ол бала һәм диуана мызажы болыпты. Қожалық қылып келгенде, заманындағы жұрт көріпті. Қолына түскен малды сояды да, жұртқа үлестіреді. Сол малдың етін жеген есіне ие болмайды. Нәзірді гулетіп бере бастайды. «Бір қойды сойса, жүз қой жиылып қалатұғын болды»,—дейді.