Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кенесары мен Отыншы (3-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Ол уақытта өлетін адамның жараулы нәрсесінің билігі табалдырық аттағанша өзінде болады екен. Табалдырық аттап шыққан соң, өлтіруші адамның өлтірген ақысы болады екен. Кенже: «Менің өлтіретінімді біліп, тонды менен қызғанып анаған беріп кетті ғой»,—деп, бұрын рақымсыз кісі оның үстіне Отыншыға өшігіп шығады. Бір оңаша судың басына келгенде, Отыншы:

—Басқа адам шақырса, мен бармайды емеспін, сен шақырған соң не болатынымды білемін, мен қаруласады деп қауіп етпе, мына судан дәрет алып екі ракат намаз оқуға лұқсат ет,— депті. Кенже:

—Үйдегі ызаң өтіп еді, оны өзім білермін, намазыңды оқы,— депті.

Отыншы дәрет алып, намазын оқып болып:

—Уа, Кенже! Еркексің ғой, ханыңа айтатын бір ауыз сәлемім бар, соны айтып бару атаң Баятардың аруағына аманат!— дейді. Кенже:

—Ендеше айт!—дегенде,

—Айтсам, ханың хан екен десем, шіркін-ай қам екен ғой! Аманатым осы, ал болдым,—деп екі көзін тарс жұмып, күнбатысқа қарап қайтып тілге келмей жүгініп отырып алады. Кенже біраз айналып жүріп басын тура шаппай, тонды қалдырғаны үшін оң иығын шауып түсіреді. Онан біраздан соң жаны қиналсын деп, сол иығын шабады. Денесі құлауға ауып бара жатқанда, үшіншіде мойнын шауып түсіреді. Отыншы ешбір дыбыс шығармай өліп кетеді. Кенже ханның ордасына келеді. Кенже келген соң өкімнің орындалғаны белгілі. Кенжені тосып ордада жиналып отырған жұрт, Кенесары:

—Жасырмай айтшы, не деді?—дегенде, Кенже:

—Ханыңды хан екен деп ем, шіркін-ай, қам екен ғой деді. Одан басқа ешнәрсе деген жоқ дегенде, Кенесары өз бармағын ауызына салып, ыңқылдап тістегенде, тіс бармағына кіріп кетіп қан ағып тұрады. Біреулер қолын ұстап: «Тақсыр, қолыңыз қанады, босатыңыз»—дегенде, қолын босатады. Қолының қанын біреулер байлап жатқанда, Танашқа ажырая қарап: «Анау отырған—Танаш батыр. Жігіттер, дос болсаң, тама Танашпен дос бол»,—деп көзін алмай тұрып үш қайтарып айтады. Сонан кейін ел алдында Танаштың беделі түсіп қалып, елге мақал болады.

Ешкім «әйелді маған қос» деп батып айта алмайды. Келер жылы Кенесары әйелді шақыртып алып:

—Қосағыңнан айырылып сен арманда болсаң, қостасымнан айырылып мен де армандамын! Өлген адам тірілмейді, ер таңдасаң, еркіңше құрық бердім, менен не қаласаң да, таңдаған қалауыңды ал, жарқыным!—депті. Әйел ұшып түрегеліп:

—Алдияр, тақсыр! Хан жарлығы қайтпайды, жарлықты екі айтпайды. Айтсаңыз, қалайтыным да бар, берсеңіз, алатыным да бар, әмір сіздікі,—деп екі қолымен жағасын ұстап, басын иіп тұрады. Хан:

—Айтқаным айтқан, ал дегенде, тақсыр, аман-сау орныма апартып салсаңыз, өзімнің қолқам да, ерімнің құны да толық, —депті. Кенесары аман-сау еліне апартып салады.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз