Кенесары мен Омар
Тарихи аңыздар · 1 мин оқу
Байбақты руынан Омар дейтін кісі Кенесарыны қуған топтың ішіне болады. Қайтып келе жатып түс көріп, оны Қазыға (Сырымның баласы) жорытыпты. Сонда Қазы:
—Түсіңде қаршыға ұстасаң, ер балалы боларсың, бауы көп түйіншекті болса, жасы ұзақ болар, тұғыры қатты болса, балаң ер болар, Кенесары сапарынан келесің ғой, айтқаным келсе, атын Кенесары қой,—депті.
Қазының айтқаны келіп баласының атын Кенесары қойыпты. Сол Кенесарыдан Жұрмағамбет, одан Сәрсен т.б. туыпты.