Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кенесарының қырғыздармен соғысуы (2-бөлім)

Тарихи аңыздар · 2 мин оқу

Бір жеті жатып тыныққан Кененің әскерлері сайдақтанып қайтадан сілімтіктерге қарсы жасаққа шықты. Ақмола, Семей, Кереку, Қарқаралы, Ақтау дуандары мен ел ішіндегі қазақ байлары Кененің әскерлерін мүлдем құртпақшы болып тоқтам алды. Дуанбасы Ыбырай, керей Тұрлыбек тағы-тағылар бұған қол қойды. Үдеген соғыс ешкімнің өлген-тірілгеніне қарамайды. Ержүрек Ағыбай батыр бастаған қырық әскер жаудың қаптап жатқан қалың тобырларын топырлата бастады. Батырлар темір құрсау киініп, сауыт-сайман, қару-жарағымен жаудың тобына садақтың оғын бұршақша жаудырды. Садақтың оқтары жаудың шиті мылтықтары мен саты қанжарларынан басым болмаса, кем тиетін емес. Екі жақтан көп адам шығын болды. Наурызбай мен Ағыбай тағы басқалары: «Енді соғысты тоқтатайық», —деді. Кене бұлардың бұл кеңесіне көне қойды. Бірақ әбден көзі қызарып иттей болған Ыбырай мен Тұрлыбектің адамдары соғысты үдете бергісі келді. Кененің қарулы қайратты көп берен сұңқарлары қазақ, орыстар мен қазақ байларының салдаттарының аттарын алып, жаяу айдады. Осы соғыс Ақмола үстінде ұзаққа созылып, Кене ханның нелер маңғаз, жортуыл ержүрек батырлары қаза тапты. Нелер сайгүлік аттары шөлдеумен зорығып, оқ тиіп аяқ астында қалды. Жанашыр Қарабас, Тәйке, Көбек тағы басқа толып жатқан батырлардың өлімінен кейін Кене соғысқа көп беттемеді. Қазақ орыстармен ауызба-ауыз сөзге келмекші болды.

Бұлар Құланөтпеске келіп, аттарының ерлерін алып, киімдерін бір-ақ шешінді. Жеті дуанбасылары ондағы болыс-билер орыстың жандарал ұлықтары келді. Екі жақ ары сөйлесті, бері сөйлесті, сөйтсе де ешбір бітімге келісе алмады. Үш айдан кейін сөзбен емес, батырдың қайратымен, қазақ халқының көмегімен Николайдың күлін көкке ұшырып, мылтықтың оғы мен зұлбұһардың дүзімен қаратып аламын деді. Кене тоқтамаған соң, Николай салдаттары үш айдан соң «сені таза тақыр етеміз» деп, сілдесі құрып Ақмолаға қайтты.

Кене әскері бұл жерде біраз тынығып алып, Ақтауға барады. Ақтаудағы бекініп алған, қамал салған, қала салған орыстармен ұрыс салып, оны да жеңді. Ақтау қаласының тастан соққан үйлерін құлатты, өртеп жіберді.

Бірақ Сарыарқаға күн сайын қаптап келген салдаттар Кенеге тыныштық бермеді. Кене ешбір жерге түпкілікті қоныс теуіп тұрақтай алмады. Кене Алатауға бет түзеп қоныс аударды. «Қырғыз бен қазақ қаны бір туыс еді. қазақтың басына туған қаралы күн соған да келеді. Қазақ халқын Николайдың талау қысымынан босатуға жәрдем бер»,—деді. Бұған патшамен ауызжаласып қойған қырғыздың Орман, Жантай деген манап, бектері көне қоймады.

«Бізге орыс келіп тиген жоқ, қазақтың жер ауып қаңғырып келген төресінің сөзі керегі жоқ»,—деп барған елшіні ұстап алып, қинап өлтіреді. Кенесары бұл қорлыққа шыдамай қырғызбен соғыс салды.

Тарихи аңыздар

Барлығы: 695 аңыз

Тағы оқыңыз