Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Құдайберген мен Қадиша айтысы (1-бөлім)

Құдайберген Әлсейітұлы, Қадиша · 2 мин оқу

Құдайберген:
Тоты едім Құдайберген Қыпшақ текті,
Баласы Әлсейіттің даңқым кетті.
Аралап Орта жүзді жүргенімде,
Салдықпен жанаушы едім талай бетті.

Бір қызбенен айтыстым Қадиша атты,
Атбасар, Қараөткелде сонау шетте.

Қарауыл, Атығай мен Мүлтік, Сары,
Сыртынан шыққан екен сонша даңқы.
Дейтұғын үлкен Қараой, кіші Қараой,
Аққұдық жайлауы екен онан да ары.

Айтысқан Құдайберген сонда барып,
Сөзімді тыңдап отыр, құлақ салып.
Онымен ата болып айтысқам жоқ,
Төрт-төрттен сегіз уйез бөліп алып.

Атбасар, Қараөткел мен Көкшетауды,
Қызылжар – бұл төртеуін Қадиша алды.
Кереку, Қарағанды, Омбы, Семей,
Жамағат, бұл төртеуі маған қалды.

Сезімді екі жақтап орнықтырып,
Мінекей, қыз сөйлейді онан әрі.
Әдейілеп барған маған кезек бермей,
Әуелі қыз өлеңді қоя берді.

Қадиша:
Басайын түрлендіріп әннен өрнек,
Мағлұм бір Аллаға алмақ-бермек.
Бір ақын Омбы уезден іздеп кепті,
Менімен айтысуға аты терлеп.

Бір ақын іздеп келген Омбы уезден,
Бишара ат терлетіп сонша жерден.
Береді сендей ақын ат пен шапан,
Қожахмет іздеп келіп, шапан берген.
Қадиша, сұрасаңыз, менің атым,
Қарауыл Мертік еді арғы затым.
Ұжмақтан хордың қызы келмейді ғой,
Құрбыдан артық туған қияпатым.

Мен өзім әрі баймын, әрі молмын,
Әуелден қыдыр қонған шалқар көлмін.
Айтайын төрт уезден құтым санап,
Төрт-төрттен сегіз уйез берген балап.

Ей, сорлы, менің жайым мынадайын:
Мен сөйлеп, тыңдатайын сөз ыңғайын.
Қызылжар уезімнің бір шеті еді,
Бақ қонған, қыдыр дарып Өсербайым.
Тағы да Бесқоңырда Бекен мырза,
Ей, мырза, мырзаң бар ма солардайын?

Көкшетау дуанында Науан хазірет,
Бақ берген тірлігінде бір құдірет.
Елінде Торайғырдың асыл дана,
Тоғыз мың жылқы айдаған Қожахмет.
Әдейі сонша жерден келсең-дағы,
Біздермен теңелуің қиын рет.
Қырғызда қос қапамен, міне, екі қол,
Атанған мұсылманға Ташмұхамбет.

Елінде Жағалбайлы Сәрсен байым,
Мың-мыңнан о да өргізген құлын-тайын.
Қараөткел Қыпшаққа да мың қой бітіп,
Басшысы – аға сұлтан Ыбырайым.

Құдайберген:
Сиынып мен сөйлейін құдіретке,
Бір қыздан жеңілуім маған еп пе?!
Қыпшақ деп а дегенде ауызға алмай,
Барайын Қарқаралы анау шетке.

Кетейін біраз ғана сөзбен жанап,
Жарамас өнер аяп, бойым тежеп.
Қызыл тіл, қу көмекей, сен де сөйле,
Саған да құт сынайтын келді кезек!
Тобықты естіп пе едің Құнанбайым,
Ол болған заманында бұландайын.
Меккеден сауап үшін бір үй салды,
Қадиша, асылың бар ма осылардайын?

Мұндайын сауапты ерді таппадың ғой,
Еліңнің құр санайсың құлын-тайын.

Қадиша, осынау күнде болды Қасен,
Елімнің құтын санап, мауқым басам.
Қыз сөзі батқан сайын жаным кірер,
Қадиша, апрықтың деп, неге сасам?

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз