Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Айбек айтысы (12-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Айбек Қалиев · 2 мин оқу

Қазақтың тас маңдайы мәңгі қотыр,
Елімде өзге діндер салды топыр.
Алматыда екі жүз сектасы бар,
Миссионерлер осылай лаң қып отыр.
Санаңа мәңгүрттіктің торын құрып,
Өрмекшідей шырмалап шандып отыр.
Осыны көрсе-дағы көрмегендей,
Үкімет бәрімізді таң қып отыр.
Өзге дінді жіберіп бетіменен,
Исламның басқан ізін аңдып отыр.

Ұлтымыз неден бүгін ұтылып тұр?
Миссионерлер сайрандап құтырып тұр.
Асыңды ішіп, тілгілеп киізіңді,
Су ішкен құдығына түкіріп тұр.
Парақорлық, жемқорлық, нашақорлық,
Қорлықтардан күніміз тұтылып тұр.
Иманға ұйып отырған ауылдарда,
Дүмшелерім дүр болып ісініп тұр.
Ислам менен иманды хақ жол емес,
Жаназа шығару деп түсініп тұр.
Қазір де бес қазақтың бірі қажы,
Қажылықтың беделін түсіріп тұр.
Амантай көкемдердің қажылығы,
Исламның абыройын түсіріп тұр.
Ал енді Қасимандай нағыз қажы,
Ұлтына иман сұрап қысылып тұр.
Біздің қоғам осындай науқас қоғам,
Қан қысымы көтеріліп ысынып тұр.

Ініңіз осыны ойлап өкінеді,
Өзіңнен бір сұрақты өтінеді.
Орал жақта дін жайына көз салсаңшы,
Мекіреніп жей бермей бекірені.
Облысыңның имамын естіп жүрміз,
Зекет пен садақадан кекіреді.
Жергілікті газетпен арпалысып,
Аяққаптай болып жүр көкірегі.
Машинадан машина ауыстырып,
Желге шашты ел берген несібені.
Сөйте тұрып намазға келмейді екен,
Барар ем көлік жоқ деп өкінеді.
Ресторанға барам деп әйеліммен,
Газетке сұхбат беріп көпіреді.
Иманға сәлде, шапан қажет жоқ деп,
Өзінше «закон» айтып лепіреді.
Орталық көшеңізде шіркеулерің,
Батпақтағы мешітке жекіреді.
Түнгі клуб қаптаған Оралыңда.
Алла үйіне орын жоқ несібелі.
Жоспарлаған мешітін Қырымбектің,
Жер жоқ деп, анда-мұнда көшіреді.
Ресторанда сайрандап иманың жүр,
Мешіттің жайы қашан шешіледі?
Шырынбектен сырғақтап құтылып ең,
Нақты жауап бергейсің осы жолы?

Мэлс:

Айбекжан, алыс пенен жақынды айт та,
Сөйткенде намысыңыз шатырлайт та.
Өлеңнің жолы менің ұстағаным,
Сондықтан сағасынан сатырлайт та.
Шырынбекке бергенмін мен жауабын,
Түсінген адам оны мақұлдайт та.
Ислам қағидасын білесің ғой,
Молланың әнгімесін ақынға айтпа?

2004 жыл.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз