Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мэлс пен Айбек айтысы (11-бөлім)

Мэлс Қосымбаев, Айбек Қалиев · 2 мин оқу

Мэлс деп атыңызды шақ қойғандай,
Сөз айтайық халайық лап қойғандай.
Затыңызға атыңыз сай келмейді,
Тұлпарға Есекбай деп ат қойғандай.

Ағасы қатты болды-ау кесіміңіз,
Аға боп алдан самал есіліңіз.
Тілектес болғаннан соң айтқаным ғой,
Жаныңа қатты тисе кешіріңіз.
Ініңіздің ілтипат тілегі бұл,
Ініңе жабылмасын есігіңіз.
Махамбеттен неліктен қашқақтайсың,
Ұқсайды, байқап тұрсам пошымыңыз.
Жоқ, әлде, Фурмановтың көшесіндей,
Иесін күтіп жүрме есіміңіз?

Ініңе байқап тұрмын кең болдың ғой,
Өзімнен дей алмаймын кем болдың ғой.
Төрт кәпірді мұсылман қылдым дейсің,
Осы жерден ағасы жем болдың ғой.
Көрге барып Исламға қабылдайтын,
Мэлс «суперпайғамбар» сен болдың ғой.

Мэлс:

Жыр төгіп отырғасын байтақ елге,
Көрейік сары уыздай шайқап елге.
Несіне қазығыңды айналасың,
Алдыңнан керілгендей қайта керме.
Сөз қылдың пайғамбардың есімін де,
Оныңды отыр мына байқап ел де.
Қасиетті есімге «супер» қосып,
Шайтанның әңгімесін айта берме?!

Көп жайдың баян қылып бетін ашсам,
Ағайын сөйлеп кетсек кешір, астам.
Тисе терек, тимесе бұтаққа деп,
Бос сөздң біздер үшін несі мақтан.
Ертісім ер мінезді күркіреген,
Есілім қыз мінезді есіп аққан.
Баяғы аталарым ат суарған,
Еділ менен Жайығымда қосып аққан.
Таулардың талқан қылып босағасын,
Жетісу мақсатына жетіп аққан.
Туына ту, суына су қосылған,
Қазақты айырмағай осы бақтан.
Айбекжан, сен інімсің ізімдегі,
Ететін дұшпан күліп, досы мақтан.
Көкшетау облыстың орталығы,
Ән-жырмен таңдары атып, кеші батқан.
Өзбектің жеріндегі ағайындар,
Көше алмай Көкшетауға басы қатқан.
Үкіметтің сыбырлап құлағына,
Қайтеді осыларды қосып айтсаң?
Өзің біл қосып айтпай, шошып айтсаң,
Сізден келген бұйрықты орындаймыз,
Сен мені айыптама тосын айтсам.
Афинаға дұрыстап дайындалсын,
Тағы да баян қылып осыны айтсаң.
Күймеңдей күмбірлейді өлеңің де,
Билердей билік құрып шешіп айтсаң.
Қазақ деген кең қолтық халық еді,
Есіркеп, жаурағанға есік ашқан.
Қысырақтың қымызын күрпілдетіп,
Толтырып тай қазанға етін асқан.
Ет піскенше бұл да бір ермек қой деп,
Шақшадан насыбайды шекіп атқан.
Айтпақшы мен ұмытып барады екем,
Өлеңді төгемін деп, жосып айтқан.
Екеумізге ел қарап отырғанда,
Сақтасын секреттен, шоқырақтан.
Халықтың қаһарманы сен болдың ғой,
Мен болдым әңгімені бостау айтқан.
Путинге «көше» береді деп естідік,
Құтты болсын айтайық осы бастан.

Айбек:

Ақынын халқым қалай желгізбейді,
Қалайша шырайыңды енгізбейді.
Арқада да асқар тау ағалар бар,
Путинге көше атын бергізбейді.
Көкшетауға оралмандар көше алмаса,
Оларға да қиындықты көргізбейді.
Әйтеуір, мына бізбен айтысқандар,
Үкіметті бізге айтып, төрді іздейді.
Үкіметтің жаласын маған жаппа,
Ол сені, Мэлс бүгін жеңгізбейді.
Күнім азат, таңдарым жарық боп тұр,
Қалайша иманымыз арық боп тұр.
Бес жүз мың қазақ өтіп өзге дінге,
Кәпірдің жалған жолын танып боп тұр.
Осыларды мұсылманға енгіз аға,
Әйтпесе, қазағымыз ғаріп боп тұр.
Азғантай тиын-тебен беріп қойса,
Қармақ қапқан балықтай қарық боп тұр.
«Таурат» пенен «Інжілді» уағыздап,
Ұлтымыздың бетіне салық боп тұр.
Байқасаңыз, ағайын, кейбір қазақ,
Тарысы піскендерге тауық боп тұр.
Соларға хақтың жолын нұсқамасақ,
Дінсіздіктен діншілдік қауіп боп тұр.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз