Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мансұр мен Дәме айтысы (9-бөлім)

Мансұр Бегежанұлы, Дәме Тобақабылқызы · 3 мин оқу

Ал, аға, қайдан білдің ақ сырымды?
Ақсатып байқадың ба бастан мінді.
Жақсылар жәрдеміне сені алды деп,
Қорғалап көресің бе сасқанымды?
Қазақтың хан, қарасы артында тұр
Тастай бер, тіреп тұрған аспаныңды.

Болдым деп жалғыз шайыр ақын құмда,
Қазақты, қарақалпақ айырдың ба?
Келсең де, кеуде керіп, жарлымын деп,
Іркіліп айтар сөзден тарылдың ба?
Насихат маған айтпақ болғың келді,
Қадірлі қайнағам мен қайыныма.

Ағатай, бұл не сиқың – жалғыз жүрсің,
Айрылып ағайыннан, қаңғып жүрсің.
Отызға келгеніңше орын таппай,
Ісіңнің бәрі екен қарадүрсін.
Менімен ерегісіп ерсінгендей,
Бар еді қай көмегің, қай бір күшің?

Әңгімем ада болмас кідірмесем,
Тоқтатып ала алмайсың түбінде сен.
Қисайып кесірленіп кейіп жүрсің,
Кедейлік Сырдан келген мінің десе.
Бай болсаң, Сырдан тысқа шықпай жатып,
Болмай ма басқа жұртқа білінбесең?
Ісіңді өзің ашқан айып дейсің.
Болса да, ақылың кем, тілің шешен.

Бір сөзді жаңа таптың қорынарлық,
Айтайын бұған жауап, толық, анық.
Етеді өнбес дауды есуас жігіт,
Көп екен маңдайыңда сорың анық.
Шығардың ар-намысын, айта қалдың,

Келіп пе ең доверносын қолыңа алып:
Қолыңнан келсе мені апарып бер,
Отырдың жақын жерден орын алып.

Айтасың әдетіңді халқыңдағы,
Сыр елі, қыз қашырған салтың-дағы.
Сырдағы қырық мың қулық бір кедейге
Келуге біздің шөлге артылмайды.
Бір қызға отыз күйеу, он құдағи,
Сыр елін әлдеқашан ант ұрғалы.

Торлаумен өлеңіңді толғана бер,
Жеріңді қорғалатар қолға ала бер.
Ақылың Аплотондай болса да артық,
Сорыңнан артық емес сенде өнер.

Мансұр: «Бұл сөзге тоқталдым», – дейді. Екінші бір ретте өзімен бірге туысқан Нартай ақын: «Бұған жауап оңай ғой, жеңілуге болмайды»,– дейді.

Нартайдың Дәмеге берген жауабы:
Дәме қыз, шын қыласың жалғаныңды,
Дабысыңды әркім сырттан аңғарулы.
Елге мін, жерге сынды таққаныңнан —
Ұятқа білмеймісің қалғаныңды?
Айыпты ақылды адам аша ма екен?
Шамасы байқап қалдым жан-жағыңды.
Айтайын білгенімді мен де анықтап,
Айтты деп, көңіліңе дық алма мұны.

Дәмежан, ақыл шақыр, ашуды қой,
Көп сөзді тоқтат енді, асырдың ғой.
«Асауды жібере тарт!» –деп отырмын,
Ойланшы, қарқыныңнан басылдың ғой.
Айтыпты көп балалық мінезіңді,
Ағаңмын, аяғына басыңды қой.

Бар шығар өз жұртыңа еркелігің,
Елімнің мен де сендей тентегімін.
Болмалық абыройсыз – айып ашып,
Екеуміз ала алмаймыз ел теңдігін.
Бір жылша құрмет қылған қонағыңмын,
Қайтамын өз жұртыма ертең бір күн.

Дәме қыз, жаман емес, жақсы адамсың,
Айыбын енді еліңнің ашпағайсың.
Бірінші зор айыбың бұл емес пе,
Жылатсаң, бір момынның жас баласын?

Секілді кей мінезің құтырғандай,
Сөйле сөз сабыр қылып, тыпырламай.
«Өз атын көкек айтып шақырады»,
Қой, Дәме, сен де көкек сықылданбай.

Сен қыз – Сыр бойының қашқан қызы,
Жақсы қыздың тұрмайсың басқан ізі.
Көңілің күйеуіне толмаса егер,
Қайтарып аламыз да ақшамызды.
Ерді әйел кемітеді жарлы болса,
Қойғандай ерісін деп тасқа мұзды.
Қайнына байы жас қыз хабар салар,
«Балаң жас, қалаймын,– деп,– басқа ізді».
Қызығып кейбір әйел бақ-дәулетке,
Сүймейді бай болмаса басқамызды.

Ақ Дәме, әйел болсаң, бәрің бірсің,
Айтылған бұл сөзіме өзің түсін.
Әйелдің осы айтылған бірі болсаң,
Сөзіңнің, сорлы Дәме, дәмі құрысын.
Күндікке алтынмын деп отыр едің,
Көрдің бе, әні, шықты енді мысың?

Жігітке қашқан да қыз, құшқан да қыз,
Қыз көрсек, бәріміз де құшқандаймыз.
Осы айып болса, егер өз басыңда,
Қалдыңыз қашқан қызға ұқсап нағыз.

Бұл сөзге сонда Дәме тоқталады,
Айтуға оған жауап жоқ болады.
«Жүйрікке – томар» деген нақылдай-ақ,
Бір атым ажалдыға оқ болады.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз