Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Мансұр мен Дәме айтысы (7-бөлім)

Мансұр Бегежанұлы, Дәме Тобақабылқызы · 2 мин оқу

Бұл сөзді саған айттым сынағалы,
Долданып отырмысың жылағалы.
Ақ көйлек алтын ілгек біздің елдің
Әйелі киер барқыт қынамалы.
Сан алуан тазалықтың парқын білер
Пакиза не қылғанмен Сыр адамы.
Тек көйлек қатындарың жамап киіп,
Жылтылдар жыртығынан шығанағы.
Барабар алыстағы Сібірменен,
Қыс қоймен Жетіжалға лағады.

Сен Сырға кедейсің деп, сын тағасың,
Әр сөзбен ажыраттың жұрт арасын.
Ақылың болса, алдына асу сөздің
Өткердің пернеменен бір парасын.

Елімде жақсымын ба, жаманмын ба?
Сен жаман дегенменен кемідім бе?
Болсам да, Сырға қарсақ, шөлге келіп,
Арыстан, аю болдым саған мұнда.
Үнемі жүйрік, шебер үлгіліңмін,
Өнерім сен көрмеген тағы алдымда.

Айтасың бозбаланы сыртымдағы.
Ұмтылса, сен қой деме, жұрт ұрғалы.
Деген сөз ерегіссе, ер өледі.
Тілімнің қорқып қиын құр тұрмағы.
Кідірсін неден сасып бүгежектеп,
Қызыл тіл бастан бұрын қырқылмайды.

Дәме қыз, айтып сөзді тауыстың ба?
Жамандап, ашып салдың ауыз Сырға.
Сағырдың мойнындағы аманатын
Ішіңде мықтап сақта, ауыстырма.
Жас бала, жесір қатын, қайын жұртың,
Біреумен жанжалды қып, жауықтырма.
Аманын өз басыңның ойлана бер,
Қолдасын мені Құдай, қауіпсынба.

Аңласаң, осы сөздің бәрі де асыл,
Ақсарсың аңсағанда оң жағыңнан.
Өнерлі халық сыйлады болғанымнан,
Ойлансам өлең кетпес толғауымнан,
Аңғарып өз шамамды жүргеннен соң
Ерлердің орын алдым оң жағынан.
Бұл көптің топқа салған жүйрігімін,
Ойлаған қалма, Дәме, жолдарыңнан.

Дәме:
Ал, аға, жалғаншыңды білдің бе анық,
Бетіме ұятсыз деп, қылдың салық.
Жасыр деп айыбымды жалынбаймын,
Шығарсың дабысыма сырттан қанық.
Сен ептеп қанша өтірік айтқанменен,
Кең іші, кектенбейді біздің халық.

Көрінген жасырынбас көмгенменен,
Байғұс-ау, жайың бар ма мен көрмеген.
Қаралап біздің елді сөз айтқандай,
Залалың бар ма сенің шөлден көрген?
Көріксіз күйкентайсың мақтансаң да,
Түсе алмай әр нәрсеге ербеңдеген.

Жайсыз деп жамандадың жұда құмды,
Мақтадың көлің менен бұлағыңды.
Көкорай шалғыным деп мақтанасың
Көлдегі сасық қамыс, құрағыңды.
Берейін сөздеріңе тамам жауап,
Тыңда, сал, ақын Мансұр, құлағыңды.

Қураған қурайларың көп десең де,
Нанбаймын өтірікпен ептесең де.
Сауысқан, ала қарға – қалың құсың
Айтайын ақиқатын, жек көрсең де.
Болатын қоян сойса, қой сойғандай,
Болмаса, мысал айтылған кеп-кешегі.

Мақтадың көлі көп деп Сырларыңды,
Сарысу, Сырдан арғы қырларыңды.
Мақтаған мергендерің атып жейді,
Тамағы қоян менен қырғауыл-ды.

Қып-қызыл Сырың тікен, шеңгел шығар,
Аз түп тал қайырына өнген шығар.
Шошқаны көл жағалап қашып жүрген
Бірталай мал деп, көзің көрген шығар.
Нәзірге ат пен түйе деген сөзің
Әшейін құр көтерген кеудең шығар.
Мас болсаң, арақ ішіп, мал не керек,
Есепсіз соған берген теңгең шығар.
Бейқадір халқы қылмай аяқасты,
Бола ма есті жігіт елден шығар.
Кеңеске, асыл сөзге кем екенсің,
Деп едім өнеріне сенген шығар.
Қалтаңдап шамға айналған шіркейдей-ақ,
Сор қысып сен жазғанды келген шығар.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз