Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кәрібай мен Әсет айтысы (4-бөлім)

Кәрібай Таңатарұлы, Әсет Найманбайұлы · 2 мин оқу

Домбыраны Әсет шертіп, маған берді.
Майысып, тілін тежеп, қасын керді.
Байқағанға тартымды, сөзі жүйелі,
Шығарды мандайынан ашшы терді
Сөзінің басы – мақтау, түбі – кекеу,
Порымдап, осылайша сөзін терді.

Әсетпен айтысарлық түстім жолға,
Мен сонда домбырамды алдым қолға.
Әсеттің кекесінін көргеннен соң,
Намыс қып, барлық Найман отыр зорға.

– Сүлеке, біз Найманда мазалымыз,
Түседі жатты көрсек ажарымыз.
Перімнің ғайыптағы бәрін жидым,
Келсе де, қазір жаудан ажалымыз.

Секілді қараңғыға сәуле берген,
Найманның жанып тұрған панарымыз.
Тез тапсақ, ақы иесін, сөз жүйесін,
Көрінеді алынатын қамалымыз.

Көсілген кексе жүйрік болмасақ та,
Көк зеңгір асқар таудай талабымыз.
Аз сөзден көп мағына, – дейді халық,
Таразы – алдыда тұр, сарабымыз.

Тындады екі патша, ел көзбен көріп,
Бола алмас, шіркін, дүние, жасқа серік
Сонда Әсет домбырасын жұлып алды,
Сөзімді ажал деген шажы көріп.
Айғайлап, Әсет дауысын көтереді,
Ақыл мен парасатқа бермей ерік.

Ән салды сонда Әсет шығанақтап,
Кемсітіп Қәрібайды, өзін мақтап.
Асылы ат пен құстың өзі болып,
Қарғаны кетпек болды жерге таптап.
Түк қоймай аты-үстімді айналдырып,
Сімердің балғасындай мыс қып қақтап.
Арындаған аптығын бір басайын – деп,
Мен де ағыттым, сөз сарасын іле жалғап.

Кездескен дәл осындай хан сиязда,
Қытай, орыс патшалығы келген мұнда.
Айтысқа Әсетпенен сол жиында,
Кәрібайдың маржан сөзін, халқым, тыңда.

Ел білді енді Әсетпен айтысарды,
Жанжал қып, жағаласып, тартысарды.
Кәрібайдың бар көргені Әсет емес
Тарқатқан айғайменен сан базарды
Өзінен шерік төмен өлшеген соң
Бұл сөзге Қаракерей намыстанды.

Іздеді біреу шауып, мінә ағашты.
Минутта алып келді қу ағашты.
Ішімнен Хаққа жылап, тәуекел деп
Дауластым, жүдетпен деп қарындасты.
Әсет те буырқанып, әнге басты,
Сөз тыңдап, жиналған жұрт анталасты.

Жүйріктен су төгілмес теңселгенде,
Жау алар, батыр жігіт белсенгенде.
Әсеттің айғайынан шошымадым,
Мен-дағы «Келсең – кел», – деп шендескенде.

Тыңдады сөкпей, соқпай қытай, орыс,
Жайсан – қала, Лепсі – ояз, Семей – облыс.
«Кәрібай, қара басып отыр ма?», – деп,
Ақнайман түртіп қалды Қалым болыс.

Айтысшы, бұл қашқынмен ұрыс салып,
Тойпаңсып, неге отырсың шалыстанып?
Көкітпей бұл бәдіктің жазасын бер,
Сөзімнің кем-артығын көрсін халық.
Шабандама, біз – Арғыннан қалыспалық,
Сөзіңді жақсы-жаман қарысталық.
Осындай хан, халайық дулаған соң,
Қалайша екі жүйрік жарыспалық?!
Әсеттің даңқын білген бұрын халық,
Бұрыннан да жүреді екен есіне алып.
Бапталған екі арыстан, екі тұлпар,
Таласып, бәйге обаға барысалық.
Жарқырап ақ маңдайы кім озады,
Санасып, ер өнерін танысалық.
Әсеттің сөзі биік көрінгенде,
Бар Найман қалған екен намыстанып.

Әсет:
Мұсылман қайтарған жоқ қабағымды,
Дағды алған көрсетейін амалымды.
Қалым түртіп, бар Найман қостай қалдың,
Көрсетші, кәне, маған зауалыңды.
Жөн білсе, сені, Найман, қой, – деп айтар,
Көтеріп, бос терлетпей обалыңды.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз