Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Еркебұлан мен Нұрлан айтысы (2-бөлім)

Еркебұлан Қайназаров, Нұрлан Мұсаев · 2 мин оқу

Нұрлан:

Ауруың кеткенменен әдет қалар,
Торғайды торға айдайтын дәнек болар.
Жеті атадан аспаса қыз алыспас
Қазақта бекзадалық әдеп болар.
Ассалаумағалейкум, мұсылман ел,
Жүректе иман, бойында дәрет болар.
Аулына ақын келсе ұл қызының
«Аузына түкірші» деп әлек болар.
Жапырақтай көктейтін ылғалменен,
Адам да қуаттанар жырларменен.
Қисайған аяғымды сөз қылдың ғой,
Атымды да сыйламай Нұрлан деген.
Әр қисықтың бір түзу ниеті бар,
Мен оны Астанадай қырдан көрем.
Елордамның еңсесін тіктеп тұр ғой
Ханшатыры қисайып тұрғанменен.

Маңғыстау атажұрттың мекеніме
Жетпейді шекара асқан шетелі де.
Ассалаумағалейкум, ақ құрдасым,
Кезіккен бетердің де бетеріне.
Тышқан жылы туылған төлдер едік,
Әңгімесін тыңдатқан жетеліге.
Мырзатай ағам сізге қамқор болып,
Еріпсің жақсы ағамның жетегіне.
Қызметті беріпті, шапан жауып,
Маңайынан ұзатпай екі еліге.
Тәуекел деп мен келдім тас жұтуға
Көз жетсе де беліңнің бекеміне
Бастығым қазыларға бастық демей,
Өзің жеткен жөн құрдас жетеріңе.
Бір Алла несібесін берер кезде
Қарамас кімнің ұлы екеніңе.

Жаза білсең қарымды қаламгерің,
Арам ойың көрінді ау адал көршім.
Әр цифрға ұқсатып мазалама,
Әңгіме осыменен тәмам болсын.
Күнге тосса өкпеңіз көрінуші ед,
Құдайым қоңдылықты саған берсін.
Аласа ағаш жемісті көп береді,
Серейіп сенің қайдан шамаң келсін.
Тышқандай болсам дағы өкінбеймін,
Жағдайым жақсы болсын, жаман болсын.
Төбесін тышқандарға төсек қылған,
Ұзын бойлы түйелер аман болсын.

Еркебұлан:

Мұндай тышқан көрмедім күйі жақсы,
Адам құсап ақ көйлек киіп апты.
Ақымақ түйем аман болсын дейді ау,
Өзінің істейтіндей миы қатты.

Түйе деп, басымызға өрлеген соң,
Болмайды сыбағасын бермеген соң.
Түйсігің де тышқаннан аумайды екен,
Бойыңыз ойыңызға берген өлшем.
Әр жерден азық іздеп,тышқан байқұс
Өмір сүре береді ау өлмеген соң.
Ағайын, бұл баланы кешіріңдер,
Тойыңа түзу сөзбен келмеген соң.
Маңғыстау түйе баққан ел еді ғой,
Құмына құнарлы шөп өнбеген соң.
Сол ауылдың ақыны не айтар дейсің,
Түйеден басқа ештеңе көрмеген соң.

Сөз қылып мына жайды, ана жайды,
Айттың ау Мырзатайдай аға жайлы.
Мырзекең шапан жапқан жүйрігі деп,
Бұл Нұрлан неге мені алалайды?
Мен түгілі арыстан ақындар да,
Құрмет тұтып жүреді сол ағайды.
Аманжол, Дәулеткерей, Айбек, Жібек
Қысылса сол кісіні жағалайды.
Балғынбек, Серікзат та өз өздерін
Ол кісіден бөлек деп санамайды.
Барлығы шапан түгіл шатыр тігіп,
Алып жүр үй, баспана, пана жайды.
Айтысқа жанын берген Жолдасбеков
Ақындардан ештеңе аямайды.
Жүлдесіз қап қоям деп қорықпай ақ қой,
Қазылар қара өлеңді бағалайды.
Сенің де несібеңді берерде Алла
Кіммен айтысқаныңа қарамайды.

Арқадан естілгенде той дүбірі
Қонаққа құшағымды жайдым ірі.
«Күн түскенде өкпесі көрінед» деп,
Теңеуіңді төбемнен қойдың ірі.
Құлағы есерліктен едірейген
Не дейді Маңғыстаудың май мұрыны.
Артық ет, ащы тері сыпырылған
Мен едім Сарыарқаның сәйгүлігі.
Ал Нұрлан шабан аттай шатқаяқтап,
Артынан қалып жатыр айғыз ізі.
Тұлпардай кісінеймін дегеніңмен,
Көмейіңнен шығады қойдың үні.
Сен бірақ не десең де бәрібір ғой,
Өмірде жоқ адамсың қайғы мұңы.
Қазақтың тарихында сен ғанасың,
Аузы емес бұты қисық байдың ұлы.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз