Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Ринат пен Аалы айтысы (4-бөлім)

Ринат Зайытов, Аалы Тұтқышев · 2 мин оқу

Сенің жақсы бабаңды
Атам солай жеңбеп пе ед?
Сүйінбай сөзің тоқтат деп,
Орманхан сөзін бөлмеп пе ед?
Оны да Құдай көрмеп пе ед?
Малы мен дәмін, тұзын да,
Он алты жасар қызын да
Олжа қылып бермеп пе ед?
Өлеңді айтсам өрнектеп,

Өзгеріп кеткен түгі жоқ,
Сүйінбай бабам қалдырған
Біздікі де сол мектеп,
Мәртебесі зор мектеп.
Мен – бір жүйрік арғымақ,
Төрт тұяғы таймаған.
Сен – соғым қылар құнансың,
Бордақылап байлаған.
Сен – қорқау, мен – абадан,
Аузына түссе шайнаған.
Мен – Алтайдың қыраны,
Тұяғын тасқа қайраған.
Сен – кәдімгі көбелек,
Отқа түсіп ойнаған.
Сен – кешегі Қатаған,
Жұдырыққа тоймаған.
Мен – бүгінгі Сүйінбай,
Қолына алса домбыра
Бұлбұл құстай сайраған.

Желтоқсанды дастан қып,
Батып отырсың ләззатқа.
Ол ерлігіңді мойындап,
Балайын рас ғажапқа.
Бірақ саған айтарым,
Қарсы шығып Кеңеске
Ұмтылған қазақ азатқа.
Дірілдеткен Москваны
Бәрің рахмет айтыңдар,
Ержүрек біздің қазаққа!

Аалы:

Қағылайын қарағым,
Келтірдің менің жынымды.
Бауырым десем мен сені,
Бүгін басқаша дұшпан деп айттың,
Жаңадан дәл осы ойың білінді.
Жаныңда тұрған Аалыға
Тарта сөйле тіліңді.
Мінекей, ілгеріден қырғыз, қазақ халқында
Қонақты сыйлап алшы-еле,

Алыстан қонақ келгенде
Алдынан тосып, ат беріп,
Осындай сыйға баршы-еле.
Ойдан шығып бұл салт
Қайдан қалды-еле.
Міне, шетелдерден қараса,
Небір ақындар келді, санаса.
Бірімен-бірі барлығы,
Сахнаға келді жанаса.
Мінекей, қырғыз,
Үйіне жылан келсе де,
Ақпенен сыйлап ұзатқан.
Қазақ пенен қырғыздың
Бұл салты болған ұзақтан.
Қырық екі ақын, дәл осы
Астанаға жиналды.
Қырық екінің қырқы қазақтар,
Қонақ үйде сыйланды.
Екі қырғыз екенбіз,
Қонақ үйге баспады,
Көшеде қалып қиналды.
Бір туған деген қазағым,
Сыйшыл қазақ халқымыз
Көрсетіп жатыр «сыйларды».
Айтайын мен де ашығын,
Алдыңа келіп жырларды.
Қазір-дағы деп айттың,
Бордақыға байланған,
Бұл желөкпе құнан деп айттың.
Білмеймін, бұл тіркесті неге айттың?
Айтайын сөзді бүгін кеп,
Көкшеменен бір жүрген,
Мен Манастың тұқымы.
Білмейсің бе, мінеки,
Қазақты бұзбай, қытайдан
Манас тұрған шеп болып,
Білесің бауырым, осыны!
Әлбетте, реті келгенде мұны айтайын,
Қазақтар үшін қырғыздың
Бұл пейілінің дұрысы.
Шекара болып қытайдың

Жонында жөн ғой тұрысы.
Өзіңе мәлім емес пе?
Қалмақ пенен қырғыздың,
Шоң қазақтардың ұрысы.
Сонда қазақты қорғаймын деп
Хан Манастың киген қалпағының
Шекесін білесің,
Қытайдың тиген қылышы.

Енді осыншама жерден келген соң,
Мен саған бір әңгіме айтайын:
Алдыңда тұрып мен сенің,
Жырламай қайтып қайтайын.
Еркек болған адамда
Үш аяғы бар болад.
Ал, енді әйел адамда
Екіден аяқ бар болад.
Бұған дәлел, мынауым,
Елдің бәрі шам болад.
Қазақтың домбырасын қарасаң,
Екі қылды аяғы,
Қырғыздың қомызын қарасаң,
Үш қылды қатар таяғы.
Мәлім болсын бүгін бір,
Аалының саған сауалы.

Айтыстар

Барлығы: 832 айтыс

Тағы оқыңыз